Ст. 409 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
409-бап. Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).1. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 294-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне салғырт қарауы немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл оқу және тәрбие беру процесі кезінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен жұмыскерлерінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-1. Алып тасталды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Білім беру ұйымдарының талаптарды:
1) білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау;
2) білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
3) білім алушыларды білім беру ұйымының үлгілері бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
4) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудің үлгілік қағидаларын сақтамау;
5) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлерін лауазымдарға конкурстық орналастырудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
6) мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын сақтамау;
7) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын сақтамау;
8) мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық–
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан және (немесе) лицензияға қосымшасынан айырылған (кері қайтарып алынған), қолданысы тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мерзімде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы құрылтайшысының (құрылтайшыларының) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ауыстыруды және олардың жеке істерін беруді және (немесе) білім алуын аяқтамаған немесе қорытынды аттестаттаудан өтпеген адамдардың жеке істерін, сондай-ақ алдыңғы жылдары білім беру ұйымында оқуын аяқтаған адамдардың жеке істерін және білім туралы құжаттарының көшірмелерін тиісті мемлекеттік архивке беруді қамтамасыз етпеуі –
жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарын құру және олардың қызметі –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын өзге де бұзушылықтар –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың бірінші – алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
рұқсат беру құжатынан айырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7-1. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, қызметін хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7-2. Білім беру ұйымдарының балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, Интернет желісіне білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-3. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 310-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыру;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексеру жүргізу;
4) педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.06.2026 № 310-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық –
ескерту жасауға алып келеді.
7-4. Осы баптың 7-3-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-5. Мыналарды:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулері бар адамдарды педагогтің кәсіптік қызметіне жіберу –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-6. Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде масс-медианы немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту –
жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-7. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер –
ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-8. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
7-9. Осы баптың 7-7-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Сабақтар мен жарыстар өткізілетін орындарды спорттық мүкәммалмен және жабдықпен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау –
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мемлекет меншігіне жататын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға тең дәрежедегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын салмай тұрып жою, олардың нысаналы және функционалдық мақсатын өзгерту –
лауазымды адамдарға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Спорттық іс-шараларға қатысушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларға рұқсат беру жөніндегі талаптарды сақтамау –
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның спортшының келісіміне қарамастан, спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануынан не тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді спортшының пайдалануына немесе спортшыға қатысты пайдалануға жәрдемдесуден көрінген Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын бұзуы –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапта спортшының немесе спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға жәрдемдесу деп спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға ықпал ететін кез келген әрекеттер, оның ішінде кеңестер, нұсқаулар, ақпарат беру, тыйым салынған субстанцияларды, тыйым салынған әдістерді қолдану құралдарын беру, спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға кедергілерді жою, сондай-ақ спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалану іздерін жасыру түсініледі.
Ескерту. 409-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 95-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 408-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары... Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау Бiлiм туралы 47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 127. Неисполнение обязанностей по воспитанию и (или) образованию, защите прав и интересов несовершеннолетнего Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей