Ст. 559 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
559-бап. Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу
1. Темiржол арқылы ат-арба көлігімен (шаналармен) өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу - ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Темiржолды, қорғаныштық ағаш екпелерін, қардан қорғайтын қоршауларды және басқа да жол объектiлерiн, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен құрылғыларын бүлдiру –
жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау –
жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Темiржолдарға поездар қозғалысының бұзылуын туындатуы мүмкін заттар төсеу, тастау немесе қалдыру –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту –
ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Қазақстан Республикасының темiржол көлігі туралы заңнамасының талаптарын
1) теміржол желісінің бағыттамалық бұрмаларын, станциялық және магистральдық жолдарын және теміржол кірме жолдарын күтіп-ұстау;
2) жылжымалы құрамды, теміржол көлігіндегі жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды, жасанды құрылысжайларды, сондай-ақ теміржол өткелдерін күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу кезінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын жылжымалы теміржол составының қалпына келтіруге келмейтін жағдайға дейін зақымдануына әкеп соққан бұзушылық –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын соның салдарынан жылжымалы составты ағыту және жөндеуге беру талап етілетін көлемде зақымдауға жол берілген бұзушылық –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Тасымалдау процесіне қатысушылардың уәкілетті органға теміржолдардағы қауіпсіздік бойынша жол берілген бұзушылықтар туралы ақпаратты теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген мерзімдерде бермеуі -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 559-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 295-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Здравствуйте есть ли отстрочка ?статья 346.1 как едениственый кормилиц , так как супруга не давно родила , в декрете
Ассалаумағалеикум ... Помогу. канкретно выбит. долг. с. кого надо .. Званить 777056724275
Здравствуйте ! Могу ли я забрать свою машину у человека который по документам не является её владельцем .
Машина оказалась у моего знакомого на сохранение, после чего мы договорились о том , что я продам её ему , но так как я находилась в другой стране сразу не могла переоформить по итогу когда приехала человек передумал её покупать и потребовал денеги с меня за мою же машину ! Сначало 1200 млн тг потом 600тыс тг ,Мол он вложил в нее денег однако я его об этом не просила более того ,просила её не трогать пока я не приеду, однако он на ней ездил эксплуатировал делал все что хотел . И по итогу не покупать её не хочет не отдавать . Платить ему у меня есть сомнения действительно ли он вложил такую сумму ( Машина по документам моя на каз учете . Человеку я ничего не должна ни по каким распискам как мне законно забрать свое имущество??? Помогите ? сколько стоит нанять адвоката по такому делу ? На моей ли стороне закон ?
если командированный работник ежедневно возвращается к месту постоянной работы, то возмещаются только транспортные расходы при наличии проездных документов без выплаты суточных.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей