Ст. 564 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
564-бап. Ұшу қауіпсіздігі қағидаларын бұзу
1. Әуеайлақ ауданында әуеайлақтарды тану үшін қабылданған таңбалық белгілер мен құрылғыларға ұқсайтын қандай да бір белгілер мен құрылғыларды орналастыру немесе әуежай, әуеайлақ әкімшілігінің рұқсатынсыз пиротехникалық бұйымдарды жағу немесе құстардың топталып жиналуына ықпал ететін, әуе кемелерінің ұшуы үшін қауіпті объектілер орнату –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттар мен құрылыстарда түнде және күндіз көрінетін таңбалық белгілерді немесе құрылғыларды орналастыру туралы қағидаларды орындамау –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуеайлақ жабдығын, әуеайлақ белгілерін, әуе кемелері мен олардың жабдығын бүлдіру –
жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Әуежайлардың (аэровокзалдардан басқа), әуеайлақтардың, ұшуды радиомен және жарықпен қамтамасыз ету объектілерінің аумағы бойынша тиісті рұқсатсыз жүріп өту немесе көлікпен өту –
жеке тұлғаларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы Кодекстің 441-бабының 1-2-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, әуе кемесіндегі жолаушылар ретіндегі адамдардың әуе кемесі бортындағы ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай жасауы –
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескерту. 564-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей