Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 566 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
566-бап. Әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу

1. Әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын әуе кемесіндегі адамның әуе кемесі командирінің немесе экипаждың басқа да мүшелерінің өкімдерін орындамауы түрінде жасаған бұзуы, егер осы адамның іс-әрекеті ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе, – 

үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.  

2. Ұялы байланыс пен радиоэлектрондық құралдарды әуе кемесінің бортында "ұшуда" деген автономды режимде пайдалануды қоспағанда, ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемесінің бортында ұялы, транкингтік байланыс қызметтерін, әуе кемесін жүргізу, биіктікке көтерілу, қонуға бет алу кезеңдерінде радиоэлектрондық құралдар мен тұрмыстық мақсаттағы жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану – 

ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 566-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

567-баптың тақырыбы және 1-бөліктің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...565‑1 565‑2 566 567 568 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться