Ст. 685 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
685-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 132, 146, 147, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204, 204-1, 230 (екінші бөлігінде) (көлiк құралдарының иелерi және автомобиль көлiгiмен және қалалық рельстік көлiкпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 407-1, 407-2, 408, 420, 421, 422, 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 434-2, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441, 441-1, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 443-1 (үшінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 450 (бірінші бөлігінде), 458, 464, 469, 470, 480 (бірінші бөлігінде), 484, 485 (бірінші бөлігінде), 485-1, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлiгiнде), 505, 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 571 (екінші және үшінші бөліктерінде), 572 (екінші бөлігінде), 573, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды. 2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша – Ішкi iстер министрлігі комитеттерінің төрағалары мен департаменттерінің бастықтары, аумақтық ішкі істер органдарының, әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастықтары, олардың орынбасарлары;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) осы Кодекстiң 132, 147, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204-1, 359, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 420, 421, 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 434-2, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441-1, 444 (екінші бөлігінде), 458, 464, 469, 470, 480 (бірінші бөлігінде), 484, 485 (бірінші бөлігінде), 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлігінде), 505 (екінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 562, 571 (үшінші бөлігінде), 590 (үшінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 591 (екінші бөлігінде), 592 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 593, 594 (төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 597 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 598 (екінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он үшінші бөлігінде), 614, 615 (үшінші бөлігінде), 617, 619, 619-1, 621 (екінші бөлігінде), 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
3) осы Кодекстiң 196, 197, 407-1, 407-2, 420, 444 (екінші бөлігінде), 458, 484, 485 (бірінші бөлігінде), 492, 496 (бірінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 625 (теміржол көлігінде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін), 630 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдары полициясының желілік бөлімдерінің, бөлiмшелерiнiң, пункттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
4) осы Кодекстiң 146, 204, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 407-1, 407-2, 408, 434-2, 437 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 492, 493, 494, 505 (бірінші бөлігінде), 571 (екінші бөлігінде), 572 (екінші бөлігінде), 573 (төртінші бөлігінде), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 591 (бірінші бөлігінде), 592 (бірінші және екінші бөліктерінде), 593, 594 (бірінші және екінші бөліктерінде), 595 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 596 (бірінші және екінші бөліктерінде), 597 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1 және 4-2-бөліктерінде), 598 (бірінші бөлігінде), 599 (бірінші бөлігінде), 600 (бірінші бөлігінде), 601 (бірінші бөлігінде), 602 (бірінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші және екінші бөліктерінде), 613 (он екінші бөлігінде), 615 (бірінші және екінші бөліктерінде), 620, 621 (бірінші және төртiнші бөліктерінде), 622, 630 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының (полицияның) арнаулы атақтары бар қызметкерлері;
4-1) осы Кодекстің 132 (бірінші бөлігінде), 441-1, 480 (бірінші бөлігінде), 614-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – учаскелік полиция инспекторлары;
5) осы Кодекстiң 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – ішкі істер органдарының балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған полиция бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.
Ескерту. 685-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 99-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 50-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей