Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 683 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
683-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң аражiгiн ажырату

1. Судьялар осы Кодекспен өздерiнiң жүргізуіне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 684-бабында көрсетiлген iстердi қоспағанда, iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк жазалар қолданады. 

3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде әкімшілік қамаққа алу, шетелдiктерді не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты адамға берiлетін арнайы құқықтан айыру (оның iшiнде көлiк құралын жүргізу құқығы), заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды. 

4. Осы Кодекстiң 24-бабына сәйкес, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiліп жатқан адамның жазбаша арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi, егер бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қарауға дейін берілсе, судья қарайды. 

5. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның немесе жәбірленушінің заңды өкілінің жазбаша арызы бойынша не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арызы бойынша іс әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген соттарда, мұндай болмаған кезде – жалпы юрисдикциядағы соттарда қаралуы мүмкін. 

Ескерту. 683-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

36-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДIҢ
ВЕДОМСТВОЛЫҒЫ, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ IСТЕРДI ҚАРАУ ЖӘНЕ
ӘКIМШIЛIК ЖАЗАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӨНIНДЕГI ҚҰЗЫРЕТI

Статья 1 ...681 682 683 684 685 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?


Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться