Ст. 698 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 297, 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қоспағанда), 299 (бірінші және екінші бөліктерінде) (гидротехникалық құрылысжайлар қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (өнеркәсіптік тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307 (өнеркәсіптік тұтынушылар бөлігінде), 308, 352, 353 (бірінші бөлігінде) (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. 2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары;
3) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Ескерту. 698-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 403-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 181-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2025 № 232-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 696-бап. Көшi-қон жөнiндегi органдар Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 699-1-бап. Ғарыш қызметi саласындағы орган Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 694-бап. Әдiлет органдары Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 700-бап. Денсаулық сақтау органдарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей