Ст. 73 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер
1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, тұрғын үйде жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөліктің екінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ескерту жасауға не бес тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-бөліктің екінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
он тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаты үшін отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлi-зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсiнiледi.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.04.2023 № 227-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 73-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы

город Астана, ул.Туркестан 2, выезд в регионы
Комментариев: 28
Всего

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Всего

London
Всего

Всего
Коментарии пользователей
Гость
27.07.24 21:43:49
Саламатсыздарма.
Керме төбе жасап беремін деп бір жігіт 225мың ақшамды бермей қащып жүр.әпкесі 50мыңды берді.енді қалғанын ала алмай жүрмін.қандай заң бар екен оған.айтасыздарма өтініш.87752195748.ВАТСАП
Читать еще раз
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 11-бап. Кiнә қағидаты Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 54-бап. Құқық бұзушының мiнез-кұлқына ерекше талаптар белгiлеу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 56-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 30-бап. Лауазымды адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей