Ст. 741 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
741-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар
1. Мынадай мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс тоқтатылуға жатады:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғасының болмауы;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы,
3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы;
4) егер әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн немесе іс-әрекеттi әкiмшiлiк құқық бұзушылық ретiнде саралау соған байланысты болатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы iсте қолданылуға жататын өзге де нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының конституциялық емес деп тануы;
5) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмдерiнiң өтуi;
6) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаға қатысты нақ сол факт бойынша судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi тоқтату туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша тұлғаны күдікті деп тану туралы қаулының болуы;
7) өзіне қатысты іс бойынша iс жүргiзiліп жатқан жеке тұлғаның қайтыс болуы, заңды тұлғаның таратылуы;
8) мыналар:
салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган растаған, салық төлеушінің салықтық есептілік нысандарын электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі салықтық міндеттемені орындамауына әкеп соққан;
мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;
этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;
темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, сондай-ақ темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;
биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, биоотын айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда;
8-1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган растаған, электрондық нысанда кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау жөніндегі міндеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен орындалмауына әкеп соққан, электрондық нысанда декларациялау бойынша ақпараттық жүйенің жұмысында қателер туындаған жағдайда;
9) Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда;
10) Осы Кодекстің 897-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұл төлегенін растайтын құжаттың болуы;
11) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен адам саудасына байланысты қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылуы;
12) осы Кодекстің 64-бабында көзделген тәртіппен тараптардың татуласуына байланысты.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу, егер қосымша дәлелдер жинаудың барлық мүмкіндігі таусылса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, сонымен бірге бар екендігі дәлелденбеген кезде де, сондай-ақ зиян келтiру құқыққа сыйымды болып табылатын не іс-әрекет осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты болғызбайтын мән-жайларда жасалған жағдайда тоқтатылады.
Ескерту. 741-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 158-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?
Мой муж умышленно разбил все окна, просто превратил в металлолом машину моего брата. Как наказывают таких придурков?
Здравствуйте у меня два штрафа висят с 2020 того года административных что делать как быть
Здравствуйте я купил скутер в каталоге было комплекты но когда пришла сам скутер комплект не было и еще она не заводится 3,000км гарантия есть но я уже не хочу этот имущества что делать?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей