Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 743 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
743-бап. Хабардар ету (хабарлама)

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша iс жүргiзуге қатысушыларға істің қаралатын немесе жекелеген процестік әрекеттердің жасалатын уақыты мен орны туралы хабарланады және олар хабардар ету арқылы (хабарламамен) сотқа, органға (лауазымды адамға) шақырылады. 

Істің қаралатын уақыты мен орнын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада да көрсетуге болады. 

2. Хабардар ету (хабарлама), оның тапсырылғаны туралы хабардар етуі бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі.  

3. Егер істе көрсетілген мекенжай бойынша адам шын мәнінде тұрмаса, хабарлама немесе шақыру заңды мекенжайы бойынша немесе оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға арналған хабардар ету (хабарлама) оның тұрған жері бойынша жіберіледі. 

4. Хабардар ету (хабарлама): 

1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың тиісті бағанында әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның қолы болған; 

2) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып тапсырылатын тапсырыс хатпен, жеделхатпен адам хабарланған жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады. Заңды тұлғаға арналған хабарлама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне тапсырылады, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, тапсырылғаны туралы хабардар ететін хабарламаны алғаны жөнінде қол қояды; 

3) хабарланатын адам іс бойынша іс жүргізу процесінде көрсеткен және өзінің қол қоюымен растаған, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар жіберілген; 

4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға мемлекеттік кіріс органы электрондық тәсілмен хабардар етуді (хабарламаны) жіберген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады. 

4-1. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама мынадай жағдайларда: 

1) көлік құралы меншік иесінің (иесінің) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне табыс етілгені туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып табыс етілетін тапсырыс хатпен жіберілген жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады. Заңды тұлғаға жіберілген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне табыс етіледі, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, табыс етілгені туралы хабардар етуге нұсқаманы алғаны жөнінде қол қояды; 

2) адресат айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады. Бұл ретте оны жеткізуші адам табыс етілгені туралы хабардар етуге тиісті белгі жасайды, ол нұсқамамен бірге жөнелтушіге қайтарылады;  

3) лауазымды адам айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы көлік құралы меншік иесінің (иесінің) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қол қойғызып тікелей табыс еткен; 

4) айыппұл төлеу қажеттігі туралы өзінің атына шығарылған нұсқамалар туралы хабарламаларды алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде көлік құралының меншік иесі (иесі) көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне , сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетіне мәтіндік хабар жіберілген жағдайда, тиісінше жеткізілді деп танылады. 

5. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүзеге асырылатын адам өзі көрсеткен тұрғылықты жері (тұрған жері) мекенжайының, жұмыс орнының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының дұрыс екендігімен танысқанын өзінің қол қоюымен растайды, ал көрсетілген мекенжайларға жіберілген хабардар ету (хабарлама) тиісінше және жеткілікті деп есептелетін болады. 

5-1. Өзіне қатысты іс қозғалған адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің өзге де қатысушыларына ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлама арқылы сотқа келу туралы хабардар етуді алуға келісімі туралы талон беріледі, шығыстар олардың өз есебінен төленеді. 

Талонның үзілетін бөлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесімен бірге беріледі.  

6. Адресат хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартқан кезде, оны жеткізетін немесе тапсыратын адам сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарылатын хабардар етуге (хабарламаға) тиісті белгі соғады. 

7. Адресаттың хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартуы істі қарауға немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасауға кедергі болып табылмайды. 

Ескерту. 743-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 195-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

38-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША IС
ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

Статья 1 ...741 742 743 744 745 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться