Ст. 746 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.01.2023
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
746-бап. Жеке тұлғаның заңды өкiлдерi
1. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айырылғандар болып табылатын, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаның немесе жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды олардың заңды өкiлдерi жүзеге асырады. 2. Ата-анасы, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және қамқоршысы немесе асыраушысы болып отырған өзге де адамдар жеке тұлғаның заңды өкiлдерi деп танылады.
3. Жеке тұлғаның заңды өкiлдерi болып табылатын адамдардың туыстық байланыстары немесе тиiстi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен куәландырылады.
4. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаның заңды өкiлi әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаны әкiмшiлiк ұстап алған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi.
5. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаның және жәбiрленушiнiң заңды өкiлдерiнiң өздерi өкiлі болып отырған тұлғаларға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және мiндеттердi алады.
6. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау кезінде оның заңды өкiлiнiң қатысуы мiндеттi. Кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлi келуден жалтарған жағдайда, оған iшкi iстер органы (полиция) жүзеге асыратын күштеп әкелу қолданылуы мүмкiн.
Лучшие юристы

город Астана, работаем по Казахстану и СНГ
Комментариев: 15
За последние 30 дней

г. Караганда
За последние 30 дней

За последние 30 дней

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Алматы +77279715251
За последние 30 дней
Новые комментарии на сайте
Гость
27.01.23 14:50:04
Здравствуйте! При расторжении брака в 2004 году оставила Фамилию мужа. Могу ли я сейчас поменять её на девичью? Так как дети выросли и носят другие фамилии.
alexajames
24.01.23 14:56:41
just in case you have forgotten and that is the only way I see to out
Ернур Кайратбекулы
24.01.23 10:11:19
для консультации писать на whatsApp
Асылбек Тлепов 87082207192
23.01.23 14:33:46
Не можете. Смотрите. ПП.9 п 3 ст 16 закона о госслужбе
Гость
23.01.23 12:50:36
Здраствуйте можно ли поступить на госслужбу если имеется статья 68 часть 1
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей