Ст. 747 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
747-бап. Дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның өкілдері
Ескерту. 747-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан немесе жәбірленуші болып табылатын заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды оның өкілдері жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның заңды өкілі болып табылады, ол заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Заңды тұлғаның заңды өкілінің өкілеттіктері оның қызметтік жағдайын куәландыратын құжаттармен расталады.
Заңды тұлғаның мүдделерін білдіретін өзге де адамдар тапсырма бойынша өкілдер болып табылады, олардың өкілеттіктері заңды тұлғаның атқарушы органы заңды тұлғаның атынан беретін және атқарушы органның басшысы қол қоятын сенімхатта айқындалады.
3. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан заңды тұлға және жәбірленуші өкілдерінің өздері өкіл болып отырған тұлғаларға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және міндеттерді алады.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан заңды тұлға өкілінің қатысуымен қаралады. Аталған тұлғаға істің қаралатын орны мен уақыты тиісінше хабарланғаны туралы деректер болған, егер одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтінішхат келіп түспеген жағдайларда ғана, іс оның өзі болмаған кезде қаралуы мүмкін.
5. Жасалуы әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты тәркілеу не әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтерді), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік жауаптылыққа тартылатын заңды тұлға өкілінің қатысуы міндетті.
6. Заңды тұлғаның өкілі жүргізуінде іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, аталған адамға жүргізуінде іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде ішкі істер (полиция), ұлттық қауіпсіздік органдары және экономикалық тергеп-тексеру қызметі күштеп әкелуді қолдануы мүмкін.
7. Дара кәсіпкердің өкілдері осы Кодексте көзделген шектерде заңды тұлғаның өкілдері сияқты дәл сондай процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Ескерту. 747-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2026 № 312-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 745-бап. Жәбiрленушi Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 750-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 744-бап. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 749-бап. Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 743-бап. Хабардар ету (хабарлама)Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей