Ст. 759 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
759-бап. Прокурор
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу процесінде заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды мемлекет атынан, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімдерді келісуді не келісуден бас тартуды тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Прокурор өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады.
2. Прокурор осы Кодексте көзделген өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында: инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімдерді келісуге не оларды келісуден бас тартуға; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысуға; дәлелдемелерді ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп отырған тұлғаның кiнәлiлiгi туралы, сондай-ақ iстi қарау процесiнде туындайтын басқа да мәселелер жөнiнде өз пiкiрiн білдіруге; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) заңның ережелерiн қолдану және әкiмшiлiк жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айтуға құқылы.
3. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық, сондай-ақ әкімшілік қамаққа алуға, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуге алып келетін құқық бұзушылық туралы істің қаралатын орны мен уақыты туралы міндетті түрде хабардар етiледi. Ол болмағанда, iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға уақтылы хабарланғаны туралы деректер болған және егер одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, мұндай iс қаралуы мүмкiн.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіздердің бар-жоғын растайтын материалдары бар, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде прокурорға жіберіледі.
Прокурордың осы бөлікте көрсетілген шешімді келісуі не келісуден бас тартуы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындаған тәртіппен, әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
5. Прокурор инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді үш жұмыс күні ішінде келіседі не оны келісуден бас тартады және осындай шешімді шығарған адамға қайтарады.
Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім прокурормен келісілген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға уәкілеттік берілген адам бұл туралы инвесторды хабардар етеді.
Қосымша материалдарды талап ету және зерделеу қажет болған жағдайда, прокурор инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді он жұмыс күні ішінде келіседі не оны келісуден бас тартады.
Прокурордың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді келісуден бас тартуына жоғары тұрған прокурорға шағым жасалуы мүмкін, ол Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындаған тәртіппен шағымды бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескерту. 759-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей