Ст. 760 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
760-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзуде прокурордың заңдылықты қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзудi тексеру, қаулылардың және өзге де актілердің заңдылығын бағалау нәтижелерi бойынша прокурор: 1) сотқа, органға (лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға наразылық енгізуге;
2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;
3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өздерiне ведомстволық бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;
4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тоқтатуға;
5) әкімшілік жаза туралы қаулының немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын тоқтата тұруға;
6) әкiмшiлiк ұстап алуға заңсыз тартылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
7) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылатын жағдайларда, мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн орындауға байланысты қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап келтіруге;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
2. Прокурордың осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген актiлерi дереу орындалуға жатады. Прокурордың көрсетілген актiлерiнiң орындалуын кiдiртуге кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленген жауаптылықта болады.
Ескерту. 760-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?
Мой муж умышленно разбил все окна, просто превратил в металлолом машину моего брата. Как наказывают таких придурков?
Здравствуйте у меня два штрафа висят с 2020 того года административных что делать как быть
Здравствуйте я купил скутер в каталоге было комплекты но когда пришла сам скутер комплект не было и еще она не заводится 3,000км гарантия есть но я уже не хочу этот имущества что делать?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей