Ст. 787 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
787-бап. Әкімшілік ұстап алу
Әкiмшiлiк ұстап алуды, яғни құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқаша мерзімге шектеуді:
1) Осы Кодекстің 685-бабына сәйкес бұл жөніндегі істерді ішкі істер органдары (полиция) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – ішкі істер органдары;
2) төтенше жағдай режимi бұзылған кезде және төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiптi бұзуға итермелейтін iс-әрекеттер кезінде – төтенше жағдай жарияланған жердiң комендатурасы мен әскери патрульдер;
3) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимi бұзылған немесе терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгiленген талаптар орындалмаған кезде – терроризмге қарсы операцияға белгiленген құзыретi шегiнде қатысатын лауазымды адамдар;
4) Осы Кодекстің 726-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің лауазымды адамдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 44) тармақшасына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – осы қызметтің лауазымды адамдары;
5) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қолсұғушылықпен байланысты құқық бұзушылықтар жасалған кезде – күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;
6) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы саласында құқық бұзушылықтар жасалған кезде – мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар органдары, сондай-ақ уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдары;
7) көлiк бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қағидалар бұзылған кезде – осы органдар;
8) осы Кодекстің 727-бабына сәйкес бұл жөніндегі істерді әскери полиция органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларына сәйкес бұл жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде – әскери полицияның лауазымды адамдары;
9) табиғат қорғау заңнамасы бұзылған кезде – қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары;
10) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі салаларында құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес – мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары;
11) алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12) Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына, ресурстық немесе теңiзде ғылыми зерттеулердi жүргiзу қағидаларының бұзылуына, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларының бұзылуына, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын, аумақтық суларын (теңiзiн) және iшкi суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарының орындалмауына немесе оның жүзеге асырылуына кедергi келтіруге байланысты континенттiк қайраңда, аумақтық суларда (теңiзде) және iшкi суларда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған кезде – мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;
13) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
14) егер құқық бұзушылық күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде жасалса – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдары;
14-1) ветеринария саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қағидалар, талаптар бұзылған кезде – осы органдардың лауазымды адамдары; өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қағидалар, талаптар бұзылған кезде – осы органның лауазымды адамдары;
15) сот отырысы кезiнде залда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату барысында құқыққа қарсы әрекеттердi тоқтату туралы талаптар орындалмаған кезде – сот приставтары жүргізе алады.
Ескерту. 787-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 WhatsApp, онлайн/офлайн, выезд в регионы, консультации
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Сәлеметсіз бе!403 бап күшін қай жылдан,қай айдан бастап алынып тасталды?
Қайырлы күн, медициналық клиникада зиянды заттармен яғни соның ішінде қанмен зәрмен,үлкен дәретпен жұмыс істегені үшін қосымша өтемақы төлеуге мәндетті ме клиника?
Здравствуйте! Прошу дать разъяснение по статье 47 ТК РК. Наше предприятие (ГКП на ПХВ) находится в процессе реорганизации. Согласно Постановлению акимата, на этот период мы переданы "на содержание" в другую организацию (ГККП Дирекция). Бухгалтерия ГККП, ссылаясь на статус "на содержании", выплачивает нам только "голые" оклады, отменив все надбавки и доплаты, которые были прописаны в наших действующих трудовых договорах. Доп. соглашений мы не подписывали. Вопрос: Правомерны ли действия бухгалтерии? Обязаны ли нам сохранять все условия оплаты труда в полном объеме на основании ст. 47 ТК РК?
Покупатель заключил договор купли продажи, заплатил но при осмотре объекта продажи отказался от покупки и потребовал расторгнуть договор, в этом случае возвращается ли сумма продажи Покупателю
Как производится удержание алиментов с дохода ИП на упращенке?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей