Ст. 785 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
785-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға күдiктiнiң жеке басын анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мүмкiн болмағанда, оны жасау, iстi уақтылы және дұрыс қарауды және iс бойынша қабылданған қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы ресімделген нұсқаманы орындауды қамтамасыз ету, адамдардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қатерді, авария немесе техногендік апат қатерін болғызбау мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiктерi шегiнде жеке тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудің мынадай шараларын қолдануға құқылы:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзу;
2) жеке тұлғаны әкiмшiлiк ұстап алу;
3) күштеп әкелу;
4) жеке басын жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді;
5) көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерді жете тексеру;
6) құжаттарды, заттар мен тауарларды алып қою;
7) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттету және оның алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан масаң күйiн куәландыру;
8) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу;
9) қарап-тексеру;
10) жеке тұлғаның алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйiн медициналық куәландыру;
11) осы Кодекстің 48-бабының тәртібімен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу.
2. Заңды тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудің мынадай шаралары қолданылуы мүмкiн:
1) заңды тұлғаға тиесiлi үй-жайларды, аумақтарды, ондағы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексеру;
2) заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды алып қою;
3) заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу немесе алып қою;
4) осы Кодекстің 48-бабының тәртібімен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін (жеке басты жете тексеруді, жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді қоспағанда), іс бойынша іс жүргізу кезеңінде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны орындау сатысында қолданылуы мүмкін.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде санамаланған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының әрқайсысы жеке немесе егер бұл қажеттіліктен туындаса, бір мезгілде басқа шаралармен бірге қолданылуы мүмкін.
5. Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан келтiрілген зиян үшiн жауапты болады.
6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына осы Кодекстiң 44-тарауында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің талап етуі бойынша оған тиісті хаттамалардың және өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданылған тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті өзге де материалдардың көшірмелері дереу табыс етіледі.
Ескерту. 785-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Читать еще раз
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 15-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 517-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 363-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi келтіру Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 917-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындауды жүзеге асыратын органдар Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 234-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей