Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 808 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.01.2025

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі (прокурордың қаулысы) жасалған кезінен бастап үш тәулiк iшiнде сотқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) қарау үшін жiберiледi. 

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға анықталмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға анықталғаннан кейін үш тәулiк iшiнде сотқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жіберіледі. 

Жасалғаны үшiн жауаптылық әкiмшiлiк қамаққа алуды, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуді қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі (прокурордың қаулысы) жасалғанынан кейiн судьяға дереу жiберiледi. 

Осы Кодекстің 811-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) осы Кодекстің 811-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап үш тәулік ішінде сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) қарау үшін жіберіледі. 

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiлуі мүмкін. 

Ескерту. 808-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...806 807 808 809 810 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Как можно обжаловать решения судьи по адм нарушение. По канабису. Результаты анализа мед тестов спасибо заранее


Здравствуйте! помогите Как перейти с СНР для субъектов малого бизнеса на основе упрощенной деклорации на СНР с использованием СМП


С 2015 года для субъектов малого бизнеса тоо пЕчать было пО желанию,если тоо открыто 2010 году,может ли гос орган требовать договоре аренды пЕчать



Случился конфликт с главным бухгалтером предприятия, он пользуясь авторитетом убедил руководителя расторгнуть со мной трудовой договор. моего заявления как Приказа на увольнение ещё нет,а он приедставил коллектву нвого руководителя офрмил на него ЭЦП. Меня вынуждают уволиться по собственному желанию создав нетерпимую атмосферу в коллективе и обещая проблемы в последующем (устно). терять работу нет желания но и работать в таких условиях не представляется возможным. Подскажите как поступить в данной ситуации?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться