Ст. 812 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
812-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралатын орын
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын уәкілетті органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша іс осы тұлғаның тұрғылықты жері немесе көлік құралдарының, кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің есепке алыну жері бойынша бойынша қаралуы мүмкін. 2. Осы Кодекстiң 333, 334, 571, 572, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 624-1, 625, 626, 627, 628, 630, 631 және 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, оның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 378, 379, 382, 383, 440 және 481-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
Ескерту. 812-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 295-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!
Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?
Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?
Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей