Ст. 817 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
817-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді iстi қарауға құқық берілген орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қарайды. Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралған істерді қоспағанда, іс айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап он бес тәулік өткен соң қаралды деп есептеледі.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар келіп түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстi қарап жатқан орган (лауазымды адам) iстiң қаралатын мерзiмiн ұзартуы, бiрақ бiр айдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.
2-1. Қазақстан Республикасында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай енгізілген кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау мерзімі төтенше жағдай тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.
3. Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оны ұстап алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей қаралады.
4. Егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауына негіз болатын тексеру нәтижелеріне және өзге де мән-жайларға шағым жасаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу мерзімін соттың тиісті шешімі шығарылғанға және заңды күшіне енгенге дейін немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағым жасау мерзімі өткенге дейін ұзартады.
Ескерту. 817-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Читать еще раз
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 190-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 254-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 465-бап. Рұқсат берудің тәртiбiн және мерзiмiн бұзуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей