Ст. 827 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
827-бап. Шағым беру тәртібі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) және (немесе) шешімімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы, іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының қолданылуы, сараптама тағайындау және оны жүргізу тәртібі бойынша заңның бұзылуына, өзге де әрекеттерге (әрекетсіздікке) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың нәтижелері бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым (наразылық) бойынша қабылданатын шешімдерді қоспағанда, шешімдердің қабылдануына жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағыммен жүгінуге құқылы. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгіну сотқа шағым беру және соттың оны қарауға қабылдауы және мәні бойынша шешуі үшін міндетті шарт болып табылмайды. 2. Шағымдар әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және шешімдеріне шағым жасалатын органға (лауазымды адамға), сотқа беріледі, ол шағым келіп түскен күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), тиісті сотқа жіберуге міндетті.
Шағымдар, оларды қарауға уәкілеттік берілген жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), сотқа тікелей берілуі мүмкін.
3. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша шағымдар хаттамаға енгізіледі, оған арыз беруші және шағымды қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Тиісті лауазымды адамдардың қабылдауында адамдар баяндаған ауызша шағымдар жазбаша түрде берілген шағымдармен жалпы негіздерде шешіледі. Шағымға қосымша материалдар қоса берілуі мүмкін.
4. Іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін адамға шағымды өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде беру құқығы қамтамасыз етіледі.
5. Шағым берген тұлға оны қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлға, жәбірленуші, заңды өкілін қоспағанда, өзінің қорғаушысының, өкілінің шағымын қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның мүддесінде берілген шағым тек оның жазбаша келісімі арқылы ғана қайтарылуы мүмкін. Шағымды қайтарып алу оның қайта берілуіне кедергі келтірмейді.
6. Шағым беру шағым жасалып жатқан әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып жатқан шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
7. Әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды кері қайтарып алу туралы жазбаша арыз берілген жағдайда, судья шағымды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
8. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім қабылданған жағдайда, іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды судья немесе орган (лауазымды адам) қараусыз қалдырады және шағымды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
Ескерту. 827-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Читать еще раз
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 300-бап. Электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын па... Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 918-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 524-бап. Мемлекеттік кіріс органын тауарлардың келгені туралы хабардар етпеуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей