Ст. 829-10 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
829-10-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау тәртiбi
1. Сот iстi, шағымды, наразылықты қарауға кiрiскенде:
1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс, шағым, наразылық қаралуға жататынын, кiм және осы Кодекстiң қандай бабының негiзiнде жауаптылыққа тартылатынын хабарлайды, іс жүргізу тілін айқындайды;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ iстi, шағымды, наразылықты қарауға қатысатын өзге де тұлғалардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) іс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және тұлғалардың заңды өкілдерінің, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;
4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және аталған адамдар болмағанда iсті, шағымды, наразылықты қарау туралы не iсті, шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда iсті, шағымды, наразылықты қарау кезiнде қатысуы мiндеттi болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды;
6) iсті қарауға қатысатын адамдарға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;
7) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiшхаттарды шешедi;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, шағымды, наразылықты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді;
9) өзiне қатысты iс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi, шағымды, наразылықты қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды;
10) iсті, шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарымды: егер судьяға қарсылық білдіру iстi, шағымды, наразылықты мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, оның өздiгiнен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеуіне; егер қорғаушының, уәкiлеттi өкiлдің, сарапшының немесе аудармашының қарсылық білдіруі iстi, шағымды, наразылықты мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, олардың қарсылық білдіруіне; iстi, шағымды, наразылықты қарауға қатысатын адамдардың келу немесе iс, шағым, наразылық бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң 51-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда шығарады. Қажет болған жағдайда сот сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;
11) істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін ұзарту, тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады;
12) осы Кодекстiң 829-9-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
2. Істі, шағымды, наразылықты қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаудың, істе бар, қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулылардың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі, сондай-ақ осы Кодекстің 829-бабы бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес берілген шағымның дәлелдемелері бойынша шешім қабылданады.
Сот істің, шағымның, наразылықтың дәлелдерімен және мән-жайларымен байланысты емес және істі толық көлемде тексереді, бұл ретте ол жаңа фактілерді анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы.
Сот істі, шағымды, наразылықты қарау кезінде осы Кодекстің 2-бөлімі Ерекше бөлігінің әкімшілік іс жүргізу қозғалған бабы немесе бабының бөлігі шегінде ғана іс-әрекеттің заңдық саралануын өзгерте алады. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жағдайы жақсарған кезде ғана іс-әрекеттің саралануын өзгертуге жол беріледі.
3. Сот шақырылған адамдардың келмеуіне, іс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруына, сараптама тағайындауға байланысты және істі, шағымды, наразылықты толық, жан-жақты және әділ қарау үшін қажет болатын басқа да жағдайларда істі, шағымды, наразылықты қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.
4. Сот тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтай отырып, факт туралы жариялай отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 4), 8) және 12) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 653-бабында көзделген әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.
5. Сот талқылауы барысында анықталған, процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы істі судья (сот) осы фактіні анықтап және сот отырысының хаттамасында тіркей отырып, тікелей осы сот отырысында қарайды.
6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғаған лауазымды адам немесе өкілдерінің әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер қозғауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарауға құқығы бар мемлекеттік органның өкілі істі, шағымды, наразылықты қарауға қатысқан жағдайда, олар құқық бұзушылықтың мәні бойынша түсініктемелерді және оны жасауда адамның кінәлілігінің дәлелдемелерін бірінші болып ұсынады.
7. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да процестік әрекеттер жүзеге асырылады.
Ескерту. 829-10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 WhatsApp, онлайн/офлайн, выезд в регионы, консультации
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Сәлеметсіз бе!403 бап күшін қай жылдан,қай айдан бастап алынып тасталды?
Қайырлы күн, медициналық клиникада зиянды заттармен яғни соның ішінде қанмен зәрмен,үлкен дәретпен жұмыс істегені үшін қосымша өтемақы төлеуге мәндетті ме клиника?
Здравствуйте! Прошу дать разъяснение по статье 47 ТК РК. Наше предприятие (ГКП на ПХВ) находится в процессе реорганизации. Согласно Постановлению акимата, на этот период мы переданы "на содержание" в другую организацию (ГККП Дирекция). Бухгалтерия ГККП, ссылаясь на статус "на содержании", выплачивает нам только "голые" оклады, отменив все надбавки и доплаты, которые были прописаны в наших действующих трудовых договорах. Доп. соглашений мы не подписывали. Вопрос: Правомерны ли действия бухгалтерии? Обязаны ли нам сохранять все условия оплаты труда в полном объеме на основании ст. 47 ТК РК?
Покупатель заключил договор купли продажи, заплатил но при осмотре объекта продажи отказался от покупки и потребовал расторгнуть договор, в этом случае возвращается ли сумма продажи Покупателю
Как производится удержание алиментов с дохода ИП на упращенке?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей