Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 829-13 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
829-13-бап. Сот отырысын дыбыс-, бейнежазба құралдарымен тіркеп алу

1. Сот отырысының барысын тіркеп алу дыбыс-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын дыбыс-, бейнежазба құралдарымен тіркеп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады. 

Жабдықтардың техникалық ақауы болған, жабдықтар болмаған немесе техникалық себептерге байланысты оны қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын дыбыс-, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеу жүзеге асырылмайды. Дыбыс-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды. 

Дыбыс-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында дыбыс-, бейнежазба құралдарын пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып, бұл туралы сотқа баяндайды. 

2. Істі талқылауды дыбыс-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып, тіркеп алған жағдайда сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды. 

Сот отырысының қысқаша хаттамасында мыналар көрсетіледі: 

1) отырыстың орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты; 

2) іс қаралып жатқан тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі мен күні, сәйкестендіру нөмірі мен банктік деректемелері; 

3) судьяның, сот отырысы хатшысының лауазымдары, тектері, аты-жөндері; 

4) соттың дыбыс-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер; 

5) дыбыс-, бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы; 

6) істі қарауға қатысатын тұлғалардың келгендігі туралы, келмеген тұлғалардың белгіленген тәртіппен хабарланғаны туралы мәліметтер; 

7) сот отырысы барысында шығарылған ұйғарымдарға, қаулыларға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот шешіміне нұсқау, оған шағым жасау мерзімі мен тәртібін түсіндіру; 

8) қаралған материалдар мен құжаттар; 

9) дыбыс-, бейнежазбамен, сот отырысының хаттамасымен таныстыру және оларға ескертулер беру мерзімін түсіндіру. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-бөлік үшінші абзацпен толықтыру көзделген – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Қысқаша хаттама іс қаралған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей жасалады, оған судья және сот отырысының хатшысы қол қояды.  

Дыбыс-, бейнежазбасы бар материалдық жеткізгіш пен сот отырысының қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі. 

3. Судья хаттамаға қол қойылғаннан кейін үш тәулік ішінде өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істің басқа да қатысушыларына сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасымен, қысқаша хаттамасымен танысу және сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасын, хаттамасын жасаудың толықтығы мен анықтығына қатысты өз ескертулерін беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. 

4. Сот отырысының дыбыс-, бейнежазбасы мен сот отырысының қысқаша хаттамасына ескертулерді судья осы Кодекстің 829-12-бабының алтыншы және жетінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен қарайды. 

5. Сот отырыстарының дыбыс-, бейнежазбасы сот талқылауы барысын дәл тіркеп алу үшін, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде сот ісін жүргізу мақсатында ғана пайдаланылады. 

Сот отырысының барысын тіркеп алуды қамтамасыз ететін дыбыс-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, дыбыс-, бейнежазбаны сақтау мен жою, сондай-ақ дыбыс-, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.
Статья 1 ...829‑11 829‑12 829‑13 829‑14 829‑15 ...920

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?



608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться