Ст. 829-16 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
829-16-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау нәтижелері бойынша, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық жөніндегі қаулыны жария ету
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау нәтижелері бойынша, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық жөніндегі сот қаулысы ол шығарылғаннан кейін дереу жария етіледі.
1-1. Қаулы жария етілгеннен кейін судья оны қабылдаудың құқықтық салдарын, қаулыға шағым жасау тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді және сот отырысын жабық деп жариялайды.
2. Сот қаулысы ол шығарылғаннан кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде – өзіне қатысты іс, шағым, наразылық бойынша қаулы шығарылған тұлғаға және шағымды өзі берген немесе оның өтінуі бойынша берілген жағдайда, жәбірленушіге, наразылық келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.
Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi дереу прокурорға жiберiледi.
3. Әкімшілік қамаққа алу туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық бойынша сот қаулысы қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзіне қатысты қаулы шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күні жеткізіледі.
4. Атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрiлердi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты сенiп берген немесе ұйым уақытша пайдалануға берген тұлғаға қатысты осы Кодекстiң 484 және 485-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулының көшiрмесi тиiстi ұйымға жiберiледi.
5. Сот қаулысына осы Кодекстің 45-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Ескерту. 829-16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Читать еще раз
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау және жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сарапт... Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 728-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 829-18-бап. Соттың жаңылыс, қатемен жазуларды және арифметикалық қателерді түзетуі Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 214-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасау Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 918-1-бап. Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны орындауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей