Ст. 833 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұны
1. Жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында шағым берiледi, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтіріледі және онда мыналар көрсетiлуге тиiс: 1) шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берiлiп отырған соттың атауы;
2) шағым берушiнiң, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурордың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошта мекенжайы);
3) қаулысына шағым берiлiп, апелляциялық өтінішхат келтіріліп отырған соттың атауы;
4) шағым жасалып немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралып отырған сот қаулысының мазмұны, сондай-ақ шағым берген тұлға, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурор сот қаулысы өздерiнiң құқықтарын және бостандықтарын бұзады деп есептейтiн себептер;
5) шағым берген тұлғаның, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурордың нақты тұжырымдалған өтінуі, талабы.
2. Шағымға, апелляциялық өтінішхатқа осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар, прокурор қол қояды. Заңды тұлғаның атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа да тұлға қол қояды.
3. Егер басқа тұлғаның мүддесiнде шағым берілсе, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілсе, оларда мүддесi үшін шағым беріліп, апелляциялық өтінішхат келтіріліп отырған адамның аты мен тегi, тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошталық мекенжайы) көрсетілуі қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса беріледі.
4. Шағым жасалып, қайта қаралып отырған сот қаулысының көшірмелерін, сондай-ақ шағымда, апелляциялық өтінішхатта келтірілген дәлелдерді негіздейтін өзге де құжаттарды қоса тіркей отырып, екі данада шағым беріледі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтіріледі.
5. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген апелляциялық өтінішхаты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілді деп есептеледі, бірақ толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіле отырып, қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қайта жасалғаннан кейін сотқа берілмесе, олар берілмеген деп есептеледі.
Ескерту. 833-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей