Ст. 843 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
843-бап. Осы Кодекстің процестік нормаларын елеулі түрде бұзу
1. Осы Кодекстің процестік нормаларын елеулі түрде бұзу деп іс бойынша іс жүргізу және оны қарау кезінде осы Кодекстің қағидаттарының және іске қатысатын тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу рәсімдерін сақтамау немесе істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге өзге жолмен кедергі келтіру арқылы заңды және негізделген қаулы шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін өзге де жалпы ережелерінің бұзылуы танылады.
2. Іс бойынша іс жүргізудің біржақтылығы немесе толық еместігі іс үшін маңызы болуы мүмкін, зерттеуден жол берілетін дәлелдемелерді қателесіп шығарып тастаудың немесе дәлелдемелерді зерттеуден негізсіз бас тартудың; міндетті түрде зерттелуге жататын дәлелдемелерді зерттемеудің нәтижесі болып табылса, қаулының күші жойылуға жатады.
3. Егер:
1) осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген негіздер болған кезде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылмаған болса;
2) қаулыны әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілмеген сот шығарса;
3) қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болып табылғанда іс оның қатысуынсыз қаралса немесе өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның қорғаушы алу құқығы өзге де жолмен бұзылса;
4) өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның ана тілін немесе өзі білетін тілді және аудармашы көрсететін қызметтерді пайдалану құқығы бұзылса;
5) өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаға істің мән-жайлары туралы түсініктеме беру құқығы берілмесе;
6) қаулыға осы Кодекстің 822-бабының төртінші бөлігінде аталған тұлғалардың қайсыбіреуі қол қоймаса, кез келген жағдайда қаулының күші жойылуға жатады.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде осы баптың үшінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген процестік нормалардың бұзылуына жол берілгендігін анықтай отырып, судья іс бойынша қаулының күшін жояды және іс жүргізуді тоқтатады.
5. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде процестік нормалардың қандай да бір өзгеше елеулі түрде бұзылуына жол берілсе, судья істі қарауды жүргізеді, бұл ретте жол берілген бұзушылықты жоюға шаралар қолданады, тиісінше сот, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) қаулысының күшін жояды және істі қараудың нәтижелерін ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.
Ескерту. 843-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 841-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның)әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, наразы... Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 845-бап. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 840-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту негiздерi Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 846-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық бойынша қаулыны жария ету Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 847-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерiбойынша қаулыларды қайта қ...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей