Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 881 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
881-бап. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуларды және жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларды жіберу

1. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салулар, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, соттар, органдар (лауазымды адамдар) арасында жіберілуі мүмкін. 

2. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуды, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы қандай сотқа, органға жіберуді анықтау мүмкін болмаған жағдайларда, олар сұрау салынатын Тараптың орталық органына жіберіледі. 

3. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салу, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырма жазбаша нысанда органның бланкісінде ресімделеді және онда: 

1) тиісті Тараптың сұрау салынатын органының атауы; 

2) тиісті Тараптың сұрау салушы органының атауы; 

3) қолданылатын заң мәтіні қоса беріліп, құқық бұзушылықтың және өзге де оған қатысты фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы, тауарлардың құны туралы, залал мөлшері туралы деректер, сұрау салушы Тараптың заңнамасына сәйкес іс-әрекеттің заңдық саралануы;  

4) өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғалардың, куәлардың аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және тегі, олардың тұрғылықты жері немесе болатын жері, азаматтығы, кәсiбiнiң түрi, туған жері мен жылы, айы, күні, заңды тұлғалар үшiн – олардың толық атауы және орналасқан жерi (егер санамаланған мәліметтер туралы ақпарат бар болса); 

5) құжатты тапсыру туралы тапсырмада алушының нақты мекенжайы мен тапсырылатын құжаттың атауы да көрсетілуге тиіс; 

6) ұсынылуға не орындалуға жататын мәліметтер мен әрекеттер тізбесі (сауал жүргізу үшін қандай мән-жайлардың анықталуы әрі нақтылануы тиіс екендігін, сондай-ақ сауал жүргізілетін тұлғаға қойылатын сұрақтардың дәйектілігі мен тұжырымдамасын көрсету қажет) қамтылуға тиіс. 

4. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салу, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырма: 

1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімінің көрсетілуін; 

2) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды белгіленген тәртіппен жүргізу туралы өтінішхатты; 

3) сұрау салушы Тарап органдары өкілдерінің сұрау салуда көрсетілген іс-шаралардың орындалуы кезінде қатысуға, сондай-ақ егер бұл Тараптардың заңнамасына қайшы келмесе, олардың орындалуына қатысуға мүмкіндік беру туралы өтінішхатты; 

4) сұрау салуды, тапсырманы орындауға байланысты өзге де өтінішхаттарды да қамтуы мүмкін.  

5. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуға, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаға сұрау салушы органның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды. Сұрау салуға, тапсырмаға сұрау салу, тапсырма мәтінінде сілтеме жасалған құжаттардың қолда бар көшірмелері, олардың тиісінше орындалуына қажетті өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс. 

6. Тараптардың органдары процестік құжаттарды пошта арқылы басқа Тараптың аумағындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушыларға тікелей жөнелтуі мүмкін. 

7. Қосымша мәліметтер алу, алдыңғы сұрау салуды немесе тапсырманы орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, ақпараттар мен құжаттарды беру туралы сұрау салуды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы қайталап жіберуге жол беріледі.
Статья 1 ...879 880 881 882 883 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?


Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться