Ст. 910-1 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
910-1-бап. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру туралы қаулыны, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулыны тоқтату
1. Жазаны тағайындау үшін негіз болған мән-жайлардың жойылғаны анықталған жағдайларда, тиісті жазаны қолданған судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру туралы қаулыны, сондай-ақ осы Кодекстің 187 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 281 (үшінші бөлігінде), 282 (бесінші және он екінші бөліктерінде), 333 (екінші бөлігінде), 426 (екінші бөлігінде), 427 (бірінші бөлігінде), 445 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 445-1 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 462 (үшінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 484 (бірінші бөлігінде), 485 (бірінші бөлігінде), 485-1 (бірінші бөлігінде), 489-1 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулыны орындауды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның немесе оның өкілінің (заңды өкілінің) өтінішхаты негізінде мерзімінен бұрын тоқтата алады.
2. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза қолданған сот, орган (лауазымды адам) өтінішхат келіп түскен күні екі тәулік ішінде осы Кодекстің 804-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамға бұзушылықтардың жойылғаны жөнінде қорытындыны беру туралы сауал жібереді.
3. Тиісті сауал келіп түскен кезде қорытынды дайындау мақсатында лауазымды адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолдануға негіз болған мән-жайлардың жойылуын тексереді.
Қорытынды сауалды алған кезден бастап бес тәулік ішінде жазбаша нысанда беріледі.
Аталған қорытынды сот, орган (лауазымды адам) үшін міндетті болып табылмайды, бірақ қорытындымен келіспеушілік уәжді болуы тиіс.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жазаны қолданған сот, орган (лауазымды адам) өтінішхатты осы Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіппен өтінішхат келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қарайды. Бұл ретте әкімшілік жауаптылыққа тартылған адам немесе оның өкілі (заңды өкілі) өтінішхатты қарауға қатысу үшін шақырылады, олар түсініктеме беруге және құжаттар ұсынуға құқылы.
5. Ұсынылған құжаттарды зерттегеннен кейін сот, орган (лауазымды адам) өтінішхатты қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
6. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазаны орындауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыда осы Кодекстің 822-бабында көзделген мәліметтер, сондай-ақ рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын қайта бастау не бұрын тоқтатыла тұрған қызметті қайта бастау күні көрсетіледі.
7. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазаны орындауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шағым жасауға жатпайды.
Ескерту. 52-тарау 910-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Добрый день! Подскажите пожалуйста сделали Соглашение о задатке. Но в соглашении указан срок оплаты остальной суммы на момент заключения основного договора купили-продажи, но в срок Задаткополучатель не предоставил договор-купли продажи. Является ли этот срок прекращением этого соглашения? Если да, то Задаткодатель имеет ли право обращаться в суд для возврата оплаченного задатка?
Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей