Ст. 916 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
916-бап. Шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны орындау
1. Шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны орындау Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілетін адамға бақылау жасала отырып, өздігінен кетуі арқылы жүргізіледі.
Шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны орындау осы Кодекстің 834-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайда тоқтатыла тұрады.
Шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін заңсыз көшіп келушілер, көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, осы адамдарды жеткізген көлік ұйымы келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін жауапты болып табылады.
2. Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам заңнамада белгіленген тәртіппен шығарып жіберілуге жатады.
3. Егер шығарып жіберілетін адамды шет мемлекеттің өкіліне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмесе, шығарып жіберу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі айқындайтын орында жүзеге асырылады.
4. Егер шығарып жіберу Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделсе, шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен шығарып жіберу туралы аумағына (аумағы арқылы) аталған адам шығарып жіберілетін шет мемлекеттің билігі хабардар етіледі.
5. Әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы қаулыны орындау екіжақты немесе біржақты акт түрінде ресімделеді.
Ескерту. 916-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 919-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 913-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны орындау Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 920-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 918-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлудi тексеру туралы қаулыны орындау Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 918-1-бап. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру туралы қаулыны орындауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей