Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195


Утратил силу

Адвокаттық қызмет туралы
11-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру

1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 

2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы: 

1) адам мемлекеттік қызметте болған; 

2) ол Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен төленетін, тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған; 

3) мерзімді әскери қызметті өткерген; 

4) ол осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша адвокаттар алқасының мүшелігінен шығарылған; 

5) заңды тұлғаны тіркемей кәсіптік қызметін жеке жүзеге асыратын адвокаттың іс жүзінде қызметтік үй-жайы болмаған; 

6) оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтi қоспағанда, адвокат кәсiпкерлiк немесе өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысқан; 

7) тоқтата тұру мерзімі көрсетілетін өзінің өтініші негізінде адвокат өз өкілеттіктерін орындамаған кезеңде тоқтатыла тұрады. 

Көрсетiлген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын лицензиар адвокаттар алқасы төралқасының ұсынымы немесе аумақтық әділет органының ұсынысы негізінде не адвокаттың өтініші негізінде тоқтата тұрады. Қабылданған шешiм туралы адвокат, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етiледi. 

2-1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған жағдайларда алты ай мерзімге тоқтатыла тұрады. 

Көрсетiлген жағдайда лицензияның қолданысын лицензиар тоқтата тұрады. Қабылданған шешiм туралы адвокат, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етiледi. 

3. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру адвокаттық қызметпен оның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде айналысуға тыйым салуға әкеп соғады. 

4. Осы баптың 2-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатыла тұрған адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын қайта жалғастыру адвокаттың өтiнiшi бойынша күнтізбелік он күн iшiнде лицензиардың бұйрығы және оның қолданысын тоқтата тұру үшiн негiздердiң тоқтатылғанын растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының қайта жалғастырылғаны туралы адвокат, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі. 

5. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы немесе қайта жалғастырудан бас тарту туралы шешiмге адвокат сот тәртібімен шағым жасауға құқылы. 

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...35

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться