Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 36 Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 2018 жылғы 5 маусымдағы № 176-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.10.2024

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы
36-бап. Адвокат қызметiн сақтандыру

1. Адвокат шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға осындай көмек көрсету нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасауға міндетті. 

Адвокат кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты болмаған кезде заң көмегін көрсетуге кірісуге құқылы емес.  

Егер адвокат адвокаттық кеңсенің әріптесі болып табылса, онда оның кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуды адвокаттық кеңсе жүзеге асыруы мүмкін. 

2. Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға адвокаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру объектісі болып табылады.  

3. Шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне сақтандырылған тұлғаның заң көмегін көрсетуі кезінде жол берген кәсіптік қателіктері салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының (сақтандырылғанның) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.  

Осы баптың мақсаттары үшін кәсіптік қателіктер деп мыналар: 

1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;  

2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу; 

3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау; 

4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі; 

5) адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария ету түсініледі. 

Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартында сақтандырылған тұлғаның шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне осындай көмек көрсетуі нәтижесінде зиян келтіруге алып келген өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) айқындалуы мүмкін. 

4. Егер шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға келтірілген зиян сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) кәсіптік міндеттерді абайсыз бұзуының салдары болып табылса, сақтандыру жағдайы басталған болып есептеледі. 

5. Адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері оның шарттарымен айқындалады және қызметін республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жүзеге асыратын адвокаттар үшін – адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күнге тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір мың еселенген, өзге адвокаттар үшін кемінде бес жүз еселенген мөлшерін құрауға тиіс.  

Адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі мен өзге де шарттары адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады. 

Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...98

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Не могу найти в Законе права усыновлённого ребёнка на наследство, при кровных наследниках. ?


Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста


В письменной форме должны совершаться сделки: 

1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота; 

2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении; 

3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон. 


Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда. 

Никто не обязан доказывать свою невиновность. 

Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов. 

Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики. 

Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются. 


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться