Ст. 13 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415
Акционерлiк қоғамдар туралы
13-бап. Акциялардың түрлері
1. Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
2. Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Орналастыру кезеңінде қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.
3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді.
4. Егер:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы ол бойынша шешім артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді. Орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі шектеу қоюға дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі.
Олар бойынша шешімдер қабылдау артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселелерге:
артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивидендтердің мөлшерін азайту не мөлшерін есептеу тәртібін өзгерту;
артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібін өзгерту;
артықшылықты акцияларды қоғамның жай акцияларына айырбастау туралы мәселелер жатады.
1-1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғам артықшылықты акцияларды ұйымдастырылмаған рынокта осы Заңға сәйкес сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесіне (егер құрылтай жиналысы әдістемені бекітпесе, оны бекіту) өзгерістерді бекіту туралы мәселені қарайды;
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселені қараса;
3) осы Заңның 22-бабының 5-тармағындағы негіздер бойынша дивиденд есептелмеген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.
4-1. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда акционердің - артықшылықты акциялардың меншік иесінің қоғамды басқаруға қатысу құқығы оған тиесілі артықшылықты акциялар бойынша дивиденд толық мөлшерде төленген күннен бастап тоқтатылады.
5. Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын бір "алтын акцияны" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. "Алтын акция" куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13. № 135-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей