Ст. 41 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415
Акционерлiк қоғамдар туралы
41-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы ақпарат
1. Акционерлерге ("алтын акцияның" иесіне) алда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетіні туралы жиналыс өткізілетін күннен – күнтізбелік отыз күн бұрын, ал өткізу кезінде бір немесе одан көп акционерді хабардар ету үшін пошта байланысы құралдары пайдаланылатын сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында күнтізбелік қырық бес күн бұрын хабарлануға тиіс. Қаржы ұйымы болып табылатын қоғам акционерлерінің, уәкілетті органның талабы бойынша пруденциялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де нормалар мен лимиттерді орындау мақсатында күн тәртібіне қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы мәселе енгізілген жалпы жиналысы өткізілген жағдайда, акционерлерге ("алтын акцияның" иесіне) акционерлердің алдағы жалпы жиналысының өткізілетіні туралы акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін – он жұмыс күнінен бұрын, ал өткізу кезінде бір немесе одан көп акционерлерді хабардар ету үшін пошта байланысы құралдары пайдаланылатын сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында он бес жұмыс күнінен бұрын хабарлануы тиіс.
2. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға не оларға жіберілуге тиіс. Егер қоғам акционерлерінің саны елу акционерден аспаса, хабарлама акционерге жазбаша хабарлама жолдау арқылы жіберілуге тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама акционерлерге қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жіберіледі.
3. Шешімі қатысу немесе аралас дауыс беру арқылы қабылданатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәліметтер;
3) қоғам акционерлері жалпы жиналысының өткізілетін күні, уақыты және орны, жиналысқа қатысушыларды тіркеу басталатын уақыт, сондай-ақ егер алғашқысы өткізілмесе, қоғам акционерлерінің өткізілуге тиісті болған жалпы жиналысының қайта өткізілетін күні және уақыты;
4) акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн;
5) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі;
6) қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі;
7) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі;
8) сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі;
9) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10) оларға сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары болуға тиіс.
4. Аралас дауыс беру кезінде қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада Заңның осы бабының 3-тармағында көзделген ақпаратқа қосымша ретінде бюллетеньдерді берудің соңғы күні көрсетіледі.
5. Шешімі сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәліметтер;
3) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн;
4) сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді берудің басталған және аяқталған күні;
5) сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні;
6) қоғам акционерлері жалпы жиналысының күн тәртібі;
7) қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі;
8) дауыс беруді өткізу тәртібі;
9) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы соған сәйкес өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары қамтылуға тиіс.
6. Миноритарлық акционер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде басқа акционерлермен бірігу мақсатында орталық депозитарийге өтініш жасауға құқылы.
Миноритарлық акционердің өтініш жасау және орталық депозитарийдің басқа акционерлерге ақпарат тарату тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Читать еще раз
Акционерлiк қоғамдар туралы 63-бап. Қоғамның лауазымды адамдарының жауапкершілігі Акционерлiк қоғамдар туралы 87-бап. Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы сот шешімін орындамаудың салдары Акционерлiк қоғамдар туралы 90-бап. Өтпелі ережелер Акционерлiк қоғамдар туралы 44-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Акционерлiк қоғамдар туралы 6-бап. Құрылтай жиналысы. Жалғыз құрылтайшыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей