Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 80 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Акционерлiк қоғамдар туралы
80-бап. Қоғамның құжаттары

1. Қоғам өз қызметіне қатысты қоғам құжаттарын өз қызметінің бүкіл мерзімі бойы электрондық нысанда және (немесе) қағаз жеткізгіште қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында айқындалған өзге де жерде сақтауға тиіс. 

Мына құжаттар: 

1) қоғамның жарғысы, қоғам жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; 

2) құрылтай жиналысының хаттамалары; 

3) құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешімі), құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар; 

4) алынып тасталды - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 

5) алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен; 

6) қоғамның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір әрекеттер (операциялар) жасауына рұқсаттар; 

7) қоғамның өз балансында тұратын (тұрған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар; 

8) қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектілері; 

9) қоғамның бағалы қағаздар шығаруын мемлекеттік тіркеуді, бағалы қағаздардың күшін жоюды растайтын құжаттар, сондай-ақ қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру мен өтеу қорытындылары туралы уәкілетті органға табыс еткен есептерін бекіту; 

10) қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже; 

11) акционерлердің жалпы жиналыстарының хаттамалары, дауыс беру қорытындылары туралы хаттамалар мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), акционерлердің жалпы жиналыстарының күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар; 

12) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін табыс етілген акционерлер тізімі; 

13) директорлар кеңесі отырыстарының (сырттай өткізілген отырыстар шешімдерінің) хаттамалары мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі осы Заңға, қоғамның жарғысына және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес акционерлердің құқықтарын қозғайтын мәселелер бойынша материалдар; 

14) атқарушы орган отырыстарының (шешімдерінің) хаттамалары; 

15) бар болған жағдайда, корпоративтік басқару кодексі сақталуға тиіс. 

2. Өзге құжаттар, оның ішінде қоғамның қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады. 

3. Акционердің талабы бойынша қоғам оған осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құжаттардың көшірмесін қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен, бірақ қоғамға осындай талап келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл ретте қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге жол беріледі.  

Құжаттардың көшірмелерін беру үшін төленетін ақы мөлшерін қоғам белгілейді және ол құжаттардың көшірмелерін дайындауға жұмсалған шығыстар құны мен құжаттарды акционерге жеткізіп беруге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы керек.  

Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат қамтылған бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және айырбастаудың жекелеген мәселелерін регламенттейтін құжаттар оның талабы бойынша танысу үшін акционерге берілуге тиіс.  

4. Қоғам мынадай жағдайлардың кемінде біреуі болған: 

1) акционер талап қойған күнге сұратылған құжаттың электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған; 

2) акционердің құжат беру туралы бірінші талабын қоғам толық көлемде орындаған жағдайда, ол соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылған;  

3) орындалуы акционердің талаппен жүгінген күні жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (талаппен жүгінген күнге дейін үш жылдан астам) өткен кезеңдеріне жататын;  

4) орындалуы тұлғаның қоғам акцияларын иелену кезеңінде жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (тұлға қоғам акцияларына ие болған күнге дейін он екі айдан астам) өткен кезеңдеріне (бұл норма қоғамға жүгінген күнге дейінгі он екі айдан кейін қоғам акционерлері болған тұлғаларға қолданылады) жататын кезде, осы баптың 3-тармағында аталған акционердің талабы қоғамға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей құжаттардың көшірмесін беруден бас тартуға құқылы. 

Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату

Статья 1 ...78 79 80 81 82 ...91

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?


Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться