Ст. 15 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық
1. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық пен соған байланысты туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және осы Заңмен реттеледi. 2. Шығармашылық еңбегiнiң нәтижесiнде сәулет және (немесе) қала құрылысы туындысын жасаған азаматтар оның авторлары деп танылады және оларға тиiсiнше авторлық құқық беріледi.
3. Сәулет немесе қала құрылысы туындысы авторларының мүлiктiк құқықтары (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) оның:
1) жобаны пайдалану немесе іске асыру үшін пайдалануға рұқсат етуге;
2) сәулет немесе қала құрылысы жобасын жаңадан жасауды, таратуды және қайта өңдеудi жүзеге асыруға немесе оған рұқсат етуге;
3) аталған ерекше құқықтарын заңдарда көзделген тәртiппен басқа тұлғаларға беруге ерекше құқығы болып табылады.
4. Қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторларына, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктiк құқықтар берiлмейдi.
Жобаның тапсырысшысы (жұмыс берушi) мен авторлар (тапсырысты орындаушылар) арасындағы шартта қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысын пайдалану жөнiндегi мүлiктiк құқықтарды реттеу туралы ереже болуға тиiс.
5. Сәулет немесе қала құрылысы туындыларының авторы:
1) егер құрылыс жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, авторлық жобаны iске асыру жөніндегi құрылыс құжаттамасын әзiрлеуге авторлық қадағалауды жүзеге асыруға;
2) егер сәулет (қала құрылысы) жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, объектiлер құрылысының (реконструкциялаудың, қалпына келтiрудiң, жаңғыртудың) барысына белгiлеген тәртiппен авторлық қадағалауды жүзеге асыруға;
3) егер жобаны әзiрлеуге арналған шартта немесе жобалауға берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, сондай-ақ объектiде мемлекеттiк құпияларға жатқызылған ақпарат болмаса, суретке түсiрудi (кино-, бейне түсiрiлiм) жүргiзуге құқылы.
6. Автордың (авторлардың) сәулет және қала құрылысы туындыларына жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Лучшие юристы





Саламатсыз ба! Сынып жетекшіге сыныбындағы оқушының түнгі уақытта төбелескені үшін сөгіс берілуі қаншалықты заңды
Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?
Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей