Ст. 27-1 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері
Ескерту. 27-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). Ғимараттар, құрылысжайлар, оларды жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, күрделi жөндеу және пайдалану процестерi, сондай-ақ құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi болып табылады.
Арнайы экономикалық аймақтардың, ерекше индустриялық аймақтардың аумағындағы, сондай-ақ бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, оларға техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді, күрделі жөндеуді жүргізу және оларды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол беріледі. Арнайы экономикалық аймақтардың, ерекше индустриялық аймақтардың аумағындағы, сондай-ақ бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген объектілерді салу кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларының, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттер стандарттарының талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары мен конструкцияларын қолдануға жол беріледі.
Ескерту. 27-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей