Ст. 35 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
35-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға: 1) алып тасталды
1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары;
1-2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ведомстволық бағынысты аумақтағы объектілердің құрылысына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары;
2) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органдардың штат қызметкерлері жатады.
4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторлары аттестатталуға тиiс.
3. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерiне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттiк нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылу себептерiн анықтау және оларға талдау жасау;
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттiк нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылуын, сондай-ақ олардың зардаптарын жоюға бағытталған әсер ету шараларын өз өкiлеттiктерiне сәйкес қолдану;
3) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу кiредi.
4. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тиiстi сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы органдарының өкілеттiктерi шегiнде белгiленедi.
Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. № 180-IV , 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей