Ст. 37 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
37-бап. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты
1. Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің жай-күйi туралы, сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен құрылысын салудың қала құрылысын жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға тиесiлiлiгi, олардың қазiргi және болашақтағы мақсаттары, экологиялық, инженерлiк- геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз етiлуi туралы деректердi қамтиды. 2. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректерi:
1) қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамасын әзiрлеу және iске асыру;
2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту және өзгерту;
3) жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелер жасауды, оны тiркеудi жүзеге асыру;
4) инвестициялық қызметтi бағалау;
5) қала құрылысы және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;
6) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау;
7) табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтерді көрсетуі;
8) өңір аумағында объектілердің орналастырылуын мониторингтеу мен есепке алу құралы ретінде қала құрылысын жоспарлау кезінде пайдаланылуға тиіс.
3. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры жерге және басқа да жылжымайтын мүлiкке салынатын салық мөлшерiн белгiлеу, жылжымайтын мүлiк айналымын пайдалануды құқықтық реттеу, елдi мекендердiң аумақтарын ұтымды пайдалануға бақылау жасау, қала құрылысы регламенттерiн сақтау және жобаларды iске асыруды талдау үшiн пайдаланылады.
3-1. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланады.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын мәліметтері мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға міндетті көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін беру осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен ақысыз негізде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры деңгейлер бойынша:
1) республикалық;
2) облыстық;
3) облыстағы аудандық;
4) базалық (республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоса алғанда, елді мекендер) болып бөлінеді.
Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2014 № 167-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей