Ст. 40 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
40-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi мен мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының мониторингi
1. Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры сәулет, қала құрылысы және құрылыс істер жөніндегі уәкілетті орган белгiлейтiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi жөнiндегi ақпаратты жинаудың, өңдеудiң, есепке алудың, тiркеудiң, сақтау мен табыс етудiң Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйесi бойынша жүргiзiледi. Объектілер мониторингі Мемлекеттік қала құрылысының кадастрында жүргізіледі.
2. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры үшiн:
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк мүлiк пен жекешелендiрудi, жер ресурстарын, геодезия және картографияны аумақтық басқару органдары;
2) жылжымайтын мүлiктi тiркеу техникалық түгендеу және бағалау қызметтерi;
3) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау қызметтерi;
4) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар;
5) жер, су кадастрларының және басқа да салалық кадастрлардың, тiркелiмдердiң және өзге де ақпараттандыру объектілерінің деректерi;
6) жеке және заңды тұлғаларға міндетті көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің, квазимемлекеттік ұйымдардың деректері бастапқы ақпарат (мәлiмет) көздерi болып табылады.
Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10 № 116, (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 № 204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV; 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-тарау. АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫҢ
ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ЖОСПАРЛАУ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 WhatsApp, онлайн/офлайн, выезд в регионы, консультации
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Сәлеметсіз бе!403 бап күшін қай жылдан,қай айдан бастап алынып тасталды?
Қайырлы күн, медициналық клиникада зиянды заттармен яғни соның ішінде қанмен зәрмен,үлкен дәретпен жұмыс істегені үшін қосымша өтемақы төлеуге мәндетті ме клиника?
Здравствуйте! Прошу дать разъяснение по статье 47 ТК РК. Наше предприятие (ГКП на ПХВ) находится в процессе реорганизации. Согласно Постановлению акимата, на этот период мы переданы "на содержание" в другую организацию (ГККП Дирекция). Бухгалтерия ГККП, ссылаясь на статус "на содержании", выплачивает нам только "голые" оклады, отменив все надбавки и доплаты, которые были прописаны в наших действующих трудовых договорах. Доп. соглашений мы не подписывали. Вопрос: Правомерны ли действия бухгалтерии? Обязаны ли нам сохранять все условия оплаты труда в полном объеме на основании ст. 47 ТК РК?
Покупатель заключил договор купли продажи, заплатил но при осмотре объекта продажи отказался от покупки и потребовал расторгнуть договор, в этом случае возвращается ли сумма продажи Покупателю
Как производится удержание алиментов с дохода ИП на упращенке?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей