Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 43 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
43-бап. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзiрленедi, екi және одан көп облыстың (не олардың бөлiктерiнiң), агломерациялардың, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің шекараларын есепке алмай, әлеуметтiк-экономикалық немесе экологиялық аудандардың аумақтарындағы өзара келiсiлген (шоғырландырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн қызмет етедi және: 

1) жоспарланатын аумақты аймақтарға бөлудi; 

2) аумақты қала құрылысына игеру мен дамытуды; 

3) өңірлік және өңіраралық маңызы бар өндiргiш күштердi, көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды жайғастыру мен орналастыру жүйесiн кешендi дамыту жөнiндегi шараларды; 

4) табиғатты ұтымды пайдалану, ресурстармен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды айқындайды. 

5) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Аумақты дамытудың аймақаралық схемалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлескен тапсырысы бойынша әзiрленедi.  

Агломерацияларды аумақтық дамытудың өңіраралық схемалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірленеді және жергілікті агломерациялар кеңестерімен келісілуге жатады. 

3. Аумақты дамытудың өңіраралық схемасын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 

4. Тараптар бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде әзiрленген және мүдделi тараптар бекiткен аумақтық дамудың мемлекетаралық схемалары Қазақстан Республикасы мен шектес шет мемлекеттер аймақтарының аумақтарында өзара келiсiлген (үйлестiрiлген) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн негiз болып табылады.  

Аймақты дамытудың мемлекетаралық схемаларын әзiрлеудi, келiсудi және бекiтудi, сондай-ақ оларды iске асыруды қатысушы мемлекеттер тарапынан қолдау жөнiнде шаралар қолдану тәртiбi халықаралық шарттарға сәйкес белгiленедi. 

Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.01.2023 № 182-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...79

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Племянник угнал машину. Прав не имеет. Я на ней езжу по страховке. Собственник другой человек. Племяннику штраф выписали. Но так же выписали за передачу руля. Кому он придёт? Тому, кто в техпаспорте или тому, кто в страховке? Как избежать такого штрафа, если машину взяли без моего ведома?


2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?




Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться