Ст. 64-3 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
64-3-бап. Жобаларға сараптама түрлері
1. Жобаларға сараптама мынадай түрлерге бөлінеді: 1) аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе тиісті аттестаты бар сарапшылар жүзеге асыратын, құрылысқа арналған жобаларға сараптама (құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама);
2) мемлекеттік монополияға жатқызылған құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама;
3) кешенді қала құрылысы сараптамасы – мемлекеттік монополияға жатқызылған, барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына сараптама;
4) мүдделі мемлекеттердің уәкілетті органдары құратын халықаралық сараптама комиссиялары жүзеге асыратын, объектілерді жобалау және салу немесе аралас шекара маңы аумақтарының қала құрылысын жоспарлау бойынша тиісті халықаралық шарттардың екі және одан да көп қатысушы мемлекеттері үшін өзара мүддені білдіретін жобаларға мемлекетаралық сараптама.
2. Әр түрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары (қала құрылысы жобалары) осы Заңда, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді. Кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындылары тиісті деңгейдегі қала құрылысы жобаларын бекіту және оларды одан әрі іске асыру үшін негіз болып табылады.
3. Екі және одан да көп елдердің мүдделерін қозғайтын жобалар бойынша мемлекетаралық сараптама жүргізу тәртібі халықаралық шартқа сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 64-3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.04.2023 № 221-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Лучшие юристы





В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей