Ст. 14 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
Действующий аналог
Азаматтық қорғау туралыАвариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
14-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының
орнын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу, тарату
1. Мiндеттi түрде құрылуы қажеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын басқа жерге ауыстыруға, оларды құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың басқа түрiне қайта бейiмдеуге немесе таратуға олар қызмет көрсететiн ұйымдардың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуы немесе аталған қызметтер мен құрамалар алдын алу және жою үшiн құрылған төтенше жағдайлардың пайда болу қаупiнiң жойылуы негiз болып табылады.
2. Мiндеттi түрде құрылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының орындарын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу немесе тарату туралы шешiмдердi:
1) республикалық және аумақтық кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты - уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен);
3) объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты - уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша ұйымдардың басшылығы қабылдайды.
3. Ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын тарату туралы шешiмдер қабылданған кезде, олар уәкiлеттi органға хабарлайды. Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
О племенном животноводстве Статья 16-3. Учет племенной продукции (материала) Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы 21-бап. Құтқарушылар Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы 12-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын аттестаттау Микроқаржы ұйымдары туралы 25-бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату О персональных данных и их защитеРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей