Ст. 17 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
Действующий аналог
Азаматтық қорғау туралыАвариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
17-бап. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға басшылық
жасау
1. Төтенше жағдайларды жоюға тартылған барлық күштер мен құралдарға басшылық жасауды және олардың өзара iс-қимылдарын ұйымдастыруды төтенше жағдайларды жою басшылары жүзеге асырады.
2. Төтенше жағдайларды жою басшысының өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады.
3. Төтенше жағдайлар аймағына бiрiншi болып келген авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының басшылары өздерiне төтенше жағдайларды жою басшыларының өкiлеттiгiн қабылдайды және ол өкiлеттiктi төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарларымен белгiленген немесе орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, осы төтенше жағдайларды жою өз өкiлеттiгiне жатқызылған ұйымдардың басшылары тағайындаған төтенше жағдайларды жою басшылары келгенге дейiн атқарып, олардың қарамағына кiредi.
4. Төтенше жағдайларды жою басшыларының төтенше жағдайларды жоюға бағытталған шешiмдерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, төтенше жағдайлар аймақтарындағы барлық лауазымды адамдар, азаматтар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады.
5. Төтенше жағдайларды жою басшыларын белгiленген тәртiпте мiндетiн атқарудан шеттетiп, басшылықты өзiне қабылдаудан немесе басқа лауазымды адамды тағайындаудан басқа ретте олардың төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарға басшылық жасау қызметiне араласуға ешкiмнiң құқығы жоқ.
6. Алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7. Төтенше жағдайларды жою басшылары тиiстi мемлекеттiк органдарды, ұйымдардың басшылығын өте қажет болған жағдайда өздерi қабылдаған шешiмдер туралы дереу хабардар ету жөнiнде барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
8. Алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
9. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың бүкiл көлемiн жүргiзуге технологиялық мүмкiндiк болмаған жағдайда төтенше жағдайларды жою басшылары бiрiншi кезекте төтенше жағдайлар аймақтарындағы адамдарды құтқару жөнiнде барлық мүмкiн болған шараларды қолдана отырып, аталған жұмыстарды толық немесе олардың бiр бөлiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдай алады. Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.06.15 N 563, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей Статья 140. Частный судебный исполнитель в Республике Казахстан Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей Статья 133. Контроль за деятельностью государственного судебного исполнителя Уголовно-процессуальный кодекс РК Статья 73. Гражданский истец Микроқаржы ұйымдары туралы 32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей Статья 50. Рассмотрение вопросов о приостановлении или прекращении исполнительного производства, возвращении исполнительного документа вз...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей