Ст. 23 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
Действующий аналог
Азаматтық қорғау туралыАвариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
23-бап. Құтқарушылардың құқықтары
1. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға тартылған құтқарушылардың аталған жұмысты жүргiзетiн жерге бару кезiнде көлiктiң барлық түрiне билеттердi кезексiз алуға құқығы бар.
2. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу барысында құтқарушылар: адамдарды құтқаруға бағытталған кез келген шараларды қолдануға;
өз мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi толық әрi айқын ақпарат алуға;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн ұйымдардың аумағы мен өндiрiстiк объектiлерiне, тұрғын үйлерге кедергiсiз кiруге;
төтенше жағдайлар аймағындағы адамдардың бәрiнен белгiленген қауiпсiздiк шараларын сақтауды талап етуге;
құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу технологиясына сәйкес жабдықталуға және жарақтандырылуға;
адамдарды құтқару үшiн және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiгiн, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте пайдалануға;
қызметтiк iздестiру иттерiн қолдануға құқылы. 3. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қатысқан құтқарушылар медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте медициналық және психологиялық оңалту жәрдемiн алуға құқылы. 4. Құтқарушылар жұмыс уақытында өздерiнiң теориялық бiлiмдерi мен кәсiби шеберлiктерiн белгiленген тәртiпте жетiлдiруге құқылы. 5. Кәсiби және ерiктi авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушылары құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезеңiнде шығыны авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын ұстауға бөлiнетiн қаражат есебiнен төленетiн тамақ өнiмдерiмен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар бойынша және тұратын орынмен қамтамасыз етiлуге құқылы. 6. Еңбек шарты бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау барысында зардап шеккен кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушылары, сондай-ақ ерiктi авариялық-құтқару қызметiнiң құтқарушылары және құтқарушы болып табылмайтын азаматтар оларды құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге тартқан кезде тегiн медициналық қызмет көрсетiлуiне құқылы.
Ерiктi авариялық-құтқару қызметiнiң құтқарушыларын және құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарды құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге тартқан кезде олардың негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.06.15 N 563 , 2007.05.15 N 253 Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей