Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 4 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Автомобиль жолдары туралы
4-бап. Автомобиль жолдарына меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар

1. Автомобиль жолдары мемлекеттік меншікте және жеке меншікте болуы мүмкін.  

2. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға берілуі мүмкін. 

2-2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (несие алушыларға) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану шартына сәйкес өтеусіз уақытша пайдалануға берілуі мүмкін. 

2-3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес оларды кері сатып алу міндеттемесімен мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылуы мүмкін. 

3. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

4. Жеке меншік автомобиль жолдары жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылады.  

5. Елді мекендердің көшелері тиісті жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болады және коммуналдық меншік болып табылады.  

6. Шаруашылық автомобиль жолдарын жекешелендіру "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 

7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары және жол қызметінің объектілері оларды салу, реконструкциялау, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Ұлттық операторға сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. 

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 168, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 4 4‑1 5 ...30

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться