Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 16 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
16-бап. Инвестициялық пай қорының құқықтық жағдайы

1. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды.  

Егер инвестициялық пай қорының ережесiнде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзiмге құрылады.  

2. Инвестициялық пай қоры активтерiне меншiк құқығындағы үлес басқарушы компания шығаратын паймен куәландырылады.  

Осы Заңда белгіленген жағдайды қоспағанда, инвестициялық пай қорының активтерiн оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан үлестi заттай бөлiп алуға жол берiлмейдi.  

3. Инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төмен мөлшерi инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады. 

Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Инвестициялық пай қорын құру  

1. Инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмдi, егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерiнiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесi қабылдайды.  

Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесi, егер оның жарғысында өзгеше белгiленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерiн бекiту, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмдер де қабылдайды.  

2. Басқарушы компания бiрнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы. 

Бір басқарушы компания құрған, бір түрдегі инвестициялық пай қорлары инвестициялық декларациялар бойынша ажыратылуға тиіс. 

3. Басқарушы компания жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өзі қамтамасыз ететін инвестициялық қорлардың пайларын ұстаушы бола алмайды.  

Кастодиан, аудиторлық ұйым және бағалаушы жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы басқарушы компания өзі маркет-мейкер функциясын орындау шеңберінде (басқарушы компания инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда) өзі басқаратын қор пайларын ұстаушы болған жағдайларға қолданылмайды. Бұл ретте осы басқарушы компанияның ұстауындағы пайлар саны ол басқаратын қордың барлық орналастырылған пайлары (сатып алынған пайларды қоспағанда) санының он пайызынан кем болуға тиіс. 

Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-бап. Инвестициялық пай қорларын бiрiктiру немесе олардың нысанын өзгерту  

1. Қордың қағидаларында белгiленген талаптармен және тәртiппен бiр нысандағы инвестициялық пай қорларын бiрiктiруге жол берiледi. 

2. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы жабық инвестициялық пай қорының инвестициялық портфелінің құрылымы ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры портфелінің инвестициялық құрылымына қатысты осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және инвестициялық қор қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес болған жағдайда қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешiм қабылдауы мүмкiн. 

3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қоры етіп өзгертуге жол берiлмейдi. 

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-бап. Инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты  

1. Инвестор инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты бойынша ақшаны басқа инвесторлардың ақшасымен инвестициялық пай қорына бiрiктiру және кейiннен оларды осы қордың ережесiне сәйкес инвестициялау мақсатында басқарушы компанияның сенiмгерлiк басқаруына бередi.  

2. Инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шарты қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын басқарушы компания инвестициялық пай қорының ережелерiнде айқындайды. Қордың пай ұстаушысы инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартын көрсетiлген шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдауы мүмкiн.  

3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген талаптармен бiрге инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартында:  

1) шартты бұзу және (немесе) қордың жұмысын тоқтату талаптары мен тәртiбi;  

2) қордың активтерiн басқа басқарушы компанияға басқаруға беру, басқарушы компанияның қор жұмыс iстеуiн тоқтатқаннан кейiнгi, соның iшiнде оның инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған немесе одан айырған жағдайларда мiндеттерiн орындау шарттары мен тәртiбi;  

3) тараптардың жауапкершiлiгi болуға тиiс.
Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться