Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
20-бап. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

1. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган басқарушы компания ұсынған мынадай құжаттар негiзiнде:  

1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, басқарушы компанияның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш; 

2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмнiң көшiрмесi;  

3) қордың директорлар кеңесі, басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленетін жалғыз акционерi) бекiткен инвестициялық пай қорының қағидалары; 

4) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетiн, оның қызметiнiң, басқарушы компанияның құрылымдық бөлiмшелерi мен қызметкерлерiнiң инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн регламенттейтiн iшкi құжаттары негiзiнде жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-1. Басқарушы компания өтініш пен қажетті құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.  

Құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде берілген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар өтініштің электрондық нысанына құжаттардың электрондық көшірмелері және электрондық құжат түрінде қоса тіркеліп беріледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-2, 1-3, 1-4-тармақтармен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган олар ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде қарайды.  

4. Пайлар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу процесiнде уәкiлеттi орган:  

1) инвестициялық пай қорының ережесiн;  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келiсiлмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң және басқарушы компания қызметкерлерiне инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөнiндегi қызметiнiң шарттары мен тәртiбiн регламенттейтiн iшкi құжаттарын келiседi.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган басқарушы компанияға пайлар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру және олар туралы мәлiметтердi Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу арқылы пайлардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады. 

Басқарушы компания өзгерген және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілген кезде уәкілетті орган инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды жүзеге асырады. 

6. Уәкiлеттi органның инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмi:  

1) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;  

2) инвестициялық пай қорының ережелерiнде, оларға өзгерiстер мен толықтыруларда және келiсуге табыс етiлген өзге де құжаттарда қайшылықты немесе дәйектемесiз мәлiметтер болған;  

3) басқарушы компания қызметi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.  

7. Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-бап. Инвестициялық пай қорының пайы  

1. Пайдың бағасы мен бiр ұстаушыға тиесiлi пайлардың саны бөлшек сандармен көрсетiлуi мүмкiн.  

2. Пай сатып алу инвестордың инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартына қосылғаны туралы куәландырады.  

Пай ұстаушының өз пайын иелiгiнен шығаруы сенiмгерлiк басқару шартының бұзылғанын бiлдiредi.  

3. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асырады.  

Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу, пайларды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiнде пайлармен жасалған мәмiлелердi тiркеу ерекшелiктерi орталық депозитарийдің iшкi құжаттарында айқындалады. 

4. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар қор активтерiн инвестициялық басқаруға байланысты туындаған мiндеттемелер бойынша жауап бермейдi және өздерiнiң пайларына тиесiлi құн шегiнде зияндар тәуекелiн оның ішінде инвестициялық пай қоры активтерiнiң рыноктiк құнының өзгеруiне байланысты зияндар тәуекелiн көтередi.  

5. Ашық инвестициялық пай қорларының және тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорларының пайларын қор биржасының сауда жүйесiнде орналастыру мен айналысқа жiберуге, егер мұндай орналастыру мен айналысқа жіберу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, жол берiлмейдi. 

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться