Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 21 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
21-бап. Инвестициялық пай қорының пайы

1. Пайдың бағасы мен бiр ұстаушыға тиесiлi пайлардың саны бөлшек сандармен көрсетiлуi мүмкiн.  

2. Пай сатып алу инвестордың инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартына қосылғаны туралы куәландырады.  

Пай ұстаушының өз пайын иелiгiнен шығаруы сенiмгерлiк басқару шартының бұзылғанын бiлдiредi.  

РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асырады.  

Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу, пайларды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiнде пайлармен жасалған мәмiлелердi тiркеу ерекшелiктерi тiркеушiнiң iшкi құжаттарында айқындалады. 

4. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар қор активтерiн инвестициялық басқаруға байланысты туындаған мiндеттемелер бойынша жауап бермейдi және өздерiнiң пайларына тиесiлi құн шегiнде зияндар тәуекелiн оның ішінде инвестициялық пай қоры активтерiнiң рыноктiк құнының өзгеруiне байланысты зияндар тәуекелiн көтередi.  

5. Ашық инвестициялық пай қорының және тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорының пайларын қор биржасының сауда жүйесiнде орналастыру мен айналымға жiберуге жол берiлмейдi. 

Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Хочу знать в коктереке есть лекарь китаец вост.медицины



Здравствуйте.Соседи установили дверь в тамбур и изнутри ее закрывают,не могу попасть к себе домой.Подала в суд,медиацией дали им 14 дней на демонтаж её,приписав ст 278 ГПК РК. Если они через год поставят новую дверь,смогу ли снова подать в суд по этому поводу? Эта статья только конкретно по этому заявлению или же вообще по этому поводу? Спасибо


Добрый день Толеген Жангельдинович могу ли получить вашу консультацию?В квартире на первом этаже сделан офис бух услуги работаем удаленно соседка с 4 этажа не даёт работать пишет во все инстанции требуя вывести отдельный вход подала в суд


Саламатсызба! Менің әкем ауылдың акиматында биржа арқылы газ операторы жұмысшысы ретінде 6 ай жасап,өз еркімен жұмыстан босатылды.Енді осы 6- айға отпускной төленеме


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться