Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 27 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
27-бап. Инвестициялық пай қорының ережесi

1. Инвестициялық пай қорының ережесiнде:  

1) инвестициялық пай қорының толық және қысқартылған атауы;  

2) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының толық атауы мен орналасқан жерi;  

3) инвестициялық пай қоры кастодианының толық атауы мен орналасқан жерi, оның құқықтары мен мiндеттері;  

4) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

5) инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының және кастодианының аудитiн жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардың толық атауы;  

6) инвестициялық декларация;  

7) инвестициялық пай қорының активтерiн инвестициялық декларация талаптарына сәйкес келтiру тәртiбi мен мерзiмдерi;  

8) инвестициялық пай қоры жұмыс iстейтiн мерзiм, не оның мерзiмсiз жұмыс iстеуi туралы көрсету;  

9) инвестициялық пай қоры активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты;  

10) инвестициялық пай қорының пайларына инвестициялау кезiндегi инвесторлар тәуекелдерiнiң сипаттамасы;  

11) инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның құқықтары мен мiндеттерi;  

12) инвестициялық пай қоры пайының бастапқы орналастыру кезеңiндегi Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында немесе пайдың номиналды құны көрсетілетін өзге валютада көрсетілуі мүмкін номиналды құны;  

13) инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдер беру мен оларды орындаудың шарттары мен тәртiбi;  

14) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтары мен мiндеттерi;  

15) инвестициялық пай қоры активтерiнiң құнын және пайдың есептiк құнын есепке алу және айқындау тәртiбi;  

16) пайларды орналастыру кезiнде олардың есептiк құнына үстеме ақы қолдану шарттары мен есептеу тәртiбi;  

17) басқарушы компанияның және инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өзге де тұлғалардың осы қордың активтерi есебiнен төленуге жататын шығыстары мен сыйақыларының түрлерi, айқындалу тәртiбi және ең жоғары мөлшерлерi;  

18) басқарушы компанияның немесе кастодианның инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiгi болмаған немесе одан бас тартқан жағдайларда, оларды ауыстыру шарттары мен тәртiбi;  

19) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды тоқтата тұру шарттары мен тәртiбi;  

20) инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiнiң тоқтатылғандығы туралы ақпарат жариялануға тиiстi баспасөз басылымының атауын көрсете отырып, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiнiң тоқтатылу, оның iшiнде қордың жұмыс iстеуi тоқтатылған кезде пайларды сатып алудың шарттары мен тәртiбi;  

21) пай ұстаушылардың сұратулары бойынша есеп берудiң шарттары мен тәртiбi;  

22) пай ұстаушылар алдында инвестициялық пай қоры, оның ережесi және оларға енгiзiлген өзгерiстер, қордың таза активтерi құнының және пайдың есептiк құнының өзгеруi, пайды орналастыру және сатып алу бағалары туралы, сондай-ақ инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн тұлғалар, олардың қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратты ашу шарттары мен тәртiбi;  

23) басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөнiндегi өкiлдерiнiң (олар бар болса) байланыс телефондарының нөмiрлерi, орналасқан жерi көрсетiлген тiзбесi болуға тиiс.  

2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтерден басқа:  

1) пайды сатып алуға өтiнiм беру және оны орындау шарттары мен тәртiбi;  

2) пайларды сатып алуды тоқтата тұру шарттары мен тәртiбi;  

3) басқарушы компания пайды сатып алған кезде оның есептiк құнына жеңiлдiк қолдану шарттары мен есептеу тәртiбi;  

4) басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу шарттары мен тәртiбi;  

РҚАО-ның ескертпесі!

5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) пай ұстаушылардың тапсырысы бойынша пайларды сол басқарушы компанияның сенiмгерлiк басқаруындағы басқа ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларына айырбастау шарттары, қордың басқарушы компаниясының және кастодианының, сондай-ақ тiркеушiнiң пайларды айырбастау рәсiмiн жүргiзу шарттары мен тәртiбi;  

6) осы Заңда және қор ережесiнде белгiленген тәртiппен инвестициялық пай қоры туралы ақпарат жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.  

3. Жабық инвестициялық пай қорларының ережесiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтерден басқа:  

1) пайлар бойынша дивидендтер есептеу, төлеу шарттары мен тәртiбi;  

2) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру және өткiзу шарттары, тәртiбi, жалпы жиналыстың күн тәртiбiн, кворумын, жалпы жиналысқа өкiлдiктi анықтау тәртiбi, дауыс беру, дауыстарды санау, жалпы жиналыстың хаттамасын ресiмдеу тәртiбi болуға тиiс.  

Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Хочу знать в коктереке есть лекарь китаец вост.медицины



Здравствуйте.Соседи установили дверь в тамбур и изнутри ее закрывают,не могу попасть к себе домой.Подала в суд,медиацией дали им 14 дней на демонтаж её,приписав ст 278 ГПК РК. Если они через год поставят новую дверь,смогу ли снова подать в суд по этому поводу? Эта статья только конкретно по этому заявлению или же вообще по этому поводу? Спасибо


Добрый день Толеген Жангельдинович могу ли получить вашу консультацию?В квартире на первом этаже сделан офис бух услуги работаем удаленно соседка с 4 этажа не даёт работать пишет во все инстанции требуя вывести отдельный вход подала в суд


Саламатсызба! Менің әкем ауылдың акиматында биржа арқылы газ операторы жұмысшысы ретінде 6 ай жасап,өз еркімен жұмыстан босатылды.Енді осы 6- айға отпускной төленеме


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться