Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 40 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
40-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының қызметi

1. Басқарушы компания осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде, сенiмгерлiк басқару шартында, инвестициялық декларацияда немесе инвестициялық қордың келiсiлген ережесiнде белгiленген талаптарға сәйкес iс-әрекет жасау арқылы осы инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын ұстаушылардың мүддесiнде қорды сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады.  

2. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы осы қор активтерінің құрамына кіретін эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылардың жалпы жиналыстарында қордың пайларын ұстаушылардың өкілі болып табылады.  

3. Инвестициялық қорды басқарушы компания осы Заңда, сенiмгерлiк басқару шартында немесе қордың ережелерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен инвестициялық декларацияға немесе қордың ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге бастамашы болуға құқылы.  

4. Басқарушы компания қордың активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметке байланысты инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының өкiлi ретiнде болуға, сондай-ақ пай ұстаушылардың мүдделерi үшiн сотқа талап-арыз беруге құқылы.  


5. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы бола алады.

6. Инвестициялық қордың мүлкi жетiмсiз болған жағдайда, инвестициялық қордың мүлкiне тиiсiнше басшылық жасалмауына байланысты туындаған берешектi басқарушы компанияның өз мүлкiнен ғана өндiрiп алуға болады.

Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться