Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 41 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
41-бап. Инвестициялық қордың активтерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты тыйымдар

1. Басқарушы компанияның өзi басқаратын инвестициялық қорға қатысты:  

1) нәтижесiнде Қазақстан Республикасы заңдарында, инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе ережесiнде белгiленген талаптар бұзылатын мәмiлелер жасасуға;  

2) инвестициялық қор активтерiн өтеусiз иелiктен шығару жөнiнде инвестициялық шешiмдер қабылдауға;  

3) инвестициялық қордың активтерiн өз мiндеттемелерiн немесе үшiншi тұлғалардың осы инвестициялық қордың активтерiн басқару жөнiндегi қызметiмен байланысты емес мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн пайдалануға;  

4) қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелерді қоспағанда, өзiне тиесiлi активтердi инвестициялық қор активтерiнiң құрамына сатуға (беруге);  

5) активтердi кредитке сатуға;  

6) инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен қайтарылуға жататын ақшаны немесе өзге де мүлiктi қарыз шарттарының талаптарымен алуға; 

7) сенiмгерлiк басқару шартына, инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың ережелерiне сәйкес шығыстарды өтеу мен сыйақы алу, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып, басқарушы компанияның ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу үшiн пайдаланған ақша сомасын өтеу жағдайларын қоспағанда, өзi басқаратын инвестициялық қордың активтерiн сатып алуға;  

8) өзi басқаратын басқа инвестициялық қордың активтерiн инвестициялық қор активтерiнiң құрамына сатып алуға;  

9) қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмiлелердi қоспағанда, инвестициялық қордың активтерi есебiнен басқарушы компанияның үлестес тұлғаларынан инвестициялау объектiлерiн сатып алуға не оларға осы компанияның басқаруындағы инвестициялық қордың активтерiн сатуға;  

10) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-1) инвестициялық қордың акцияларын және пайларын осы жабық инвестициялық пай қорының активтері құрамына кіретін қаржы құралдары және (немесе) өзге де активтерді шығарған (берген) заңды тұлғаларға өткізуге құқылы емес. 

12) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасының талаптары орталық контрагенттің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, ашық сауда-саттық әдісімен қор биржасының сауда жүйесінде жасалған қаржы құралдарымен мәмілелерге қолданылмайды. 

1-1. Осы баптың 1-тармағы 6) тармақшасының талабы: 

1) осы баптың 2-тармағының төртiншi бөлiгiнде көзделген шарттар сақталған кезде жылжымайтын мүлiк қорларына; 

2) 01.07.2019 дейін қолданыста болды - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ Заңымен.

3) инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың қағидаларына сәйкес қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларына; 

4) осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып, қордың ақша нысанындағы активтері осы үшін жеткіліксіз болған кезде қарыз ақшаны инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын сатып алу үшін пайдалану жағдайларына; 

5) акционерлік инвестициялық қордың борыштық бағалы қағаздарды шығаруына және орналастыруына қолданылмайды. 

1-2. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасаудың осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртібін және (немесе) шарттарын бұзғаны үшін басқарушы компания Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 

2. Акцияларды немесе пайларды сатып алу үшiн алынған қарыздың кез келген түрi бойынша инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын берешектердiң жиынтық көлемi инвестициялық қордың таза активтерi құнының он процентiнен аспауға тиiс.  

Акцияларды немесе пайларды сатып алу үшiн қарызға қаражат тарту мерзiмi (ұзарту мерзiмiн қосқанда) үш айдан аспауға тиiс.  

Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға арналған қарыз ақшаны пайдаланғаны үшiн сыйақы төлемдерi басқарушы компанияның өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.  

Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын қарыздың кез келген түрi бойынша берешектiң жиынтық көлемi жылжымайтын мүлiк қорының активтерi құнының алпыс процентiнен аспауға тиiс.  

Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 , 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
42-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының мiндеттерi  

1. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы:  

1) инвестициялық қор активтерiнiң құнын бағалауды, қозғалысын, құрамын және құнын есепке алуды, сондай-ақ пайларды одан әрi орналастырған немесе сатып алған кезде олардың құнын есептеуді жүзеге асыруға; 

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық пай қоры активтерiнің бухгалтерлік есебін бөлек жүргiзудi және олар бойынша қаржылық және өзге де есептемені берудi жүзеге асыруға; 

3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет кастодианмен салыстырып тексерудi жүзеге асыруға;  

4) сенiмгерлiк басқару шартына немесе қордың ережелерiне сәйкес, мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет акционерлiк инвестициялық қорға немесе инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушыларға қордың таза активтерiнiң құрамы мен құны, сондай-ақ инвестициялық пай қоры пайының есептiк құны туралы хабарлауға;  

5) осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор туралы ақпаратты ашуға мiндеттi.  

2. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерiмен мәмiлелер жасасқан кезде соның мүддесi үшiн iс-әрекет ететiн инвестициялық қордың атауын көрсетуге мiндеттi. Аталған талап бұзылған жағдайда басқарушы компания қабылданған мiндеттеменi өз есебiнен орындайды. 

3. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн басқарушы компания үш жұмыс күнi iшiнде кастодианмен бiрлесiп инвестициялық пай қорының таза активтерiнiң құнын есептеуге және уәкiлеттi органға пайларды бастапқы орналастырудың нәтижелерi туралы есептi табыс етуге мiндеттi. 

Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. Инвестициялық қордың активтерін есепке алу және сақтау

Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Хочу знать в коктереке есть лекарь китаец вост.медицины



Здравствуйте.Соседи установили дверь в тамбур и изнутри ее закрывают,не могу попасть к себе домой.Подала в суд,медиацией дали им 14 дней на демонтаж её,приписав ст 278 ГПК РК. Если они через год поставят новую дверь,смогу ли снова подать в суд по этому поводу? Эта статья только конкретно по этому заявлению или же вообще по этому поводу? Спасибо


Добрый день Толеген Жангельдинович могу ли получить вашу консультацию?В квартире на первом этаже сделан офис бух услуги работаем удаленно соседка с 4 этажа не даёт работать пишет во все инстанции требуя вывести отдельный вход подала в суд


Саламатсызба! Менің әкем ауылдың акиматында биржа арқылы газ операторы жұмысшысы ретінде 6 ай жасап,өз еркімен жұмыстан босатылды.Енді осы 6- айға отпускной төленеме


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться